17.06.2014, 20:00 2943

Астанада Агроөндірістік инвестициялық форум өз жұмысын бастады

Бүгін Астанада тұңғыш Агроөндірістік инвестициялық форум өз жұмысын бастады, ол Еуропа, АҚШ, жақын Шығыс, Ресей, Украина мен Қазақстанның 150 компаниясының басын қосты.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Астанада тұңғыш Агроөндірістік инвестициялық форум өз жұмысын бастады, ол Еуропа, АҚШ, жақын Шығыс, Ресей, Украина мен Қазақстанның 150 компаниясының басын қосты.

"Меніңше, бұл Қазақстанның жаһандық ауыл шаруашылығы мен жақын арадағы жылдардағы әлеуетін арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Біз ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс өсіп отырғандығын көрдік. Ол сұранысты қамтамасыз ету үшін бізге бірқатар мердігерлерді табу қажет. Қазақстан бұл үрдісті жүзеге асыру үшін қолайлы географиялық аймақта орналасқан", - деді Informa Agra сараптамалық департаментінің басшысы Д-р Алан Бульон.

Айта кетерлігі, шараны "ҚазАгро" холдингі мен британдық Adam Smith Conferences ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

"Бүгінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі әлемдегі әрбір елдің мемлекеттік бағдарламасы мен саясатының маңызды бір бөлігіне айналып отыр. Қазіргі таңда әлемдегі адам санының арту қарқыны азық-түлік өндірісінің өсу қарқынынан бір жарым есе артық. Осы орайда күн санап тапшылық та байқалуда. Осы сынды мәселелерді шешу үшін "ҚазАгро" аталмыш форумды құрып отыр", - дейді "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Махажанов.

Айта кету керек, қазіргі таңда холдинг Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы жобаларына қатысу мен инвестиция тарту бойынша 30 трансұлттық агроөнеркәсіптік компаниялармен жұмыс жүргізуде.

Осылайша, қазақстандық холдингпен ынтымақтастық орнатқысы келген компаниялар Агроөндірістік инвестициялық форумға қатысуда. Шара 2014 жылдың 18 маусымына дейін жалғасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны