09.07.2018, 20:03 4468

Астанада "Ақпараттық технологиялар аудиті" тақырыбы бойынша Азия жоғары аудит органдары ұйымдарыныӊ (ASOSAI) халықаралық семинары ашылды

Жапонияныӊ жоғары мемлекеттік аудит органыныӊ - ASOSAI әкімшілігініӊ қолдауымен Қазақстан Республикасыныӊ Есеп комитеті ұйымдастырған семинар ағымдағы жылғы 9-13 шілде аралығында жалғасады.

Астана. 9 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада "Ақпараттық технологиялар аудиті" тақырыбы бойынша Азия жоғары аудит органдары ұйымдарыныӊ (ASOSAI) халықаралық семинары ашылды.

Жапонияныӊ жоғары мемлекеттік аудит органыныӊ - ASOSAI әкімшілігініӊ қолдауымен Қазақстан Республикасыныӊ Есеп комитеті ұйымдастырған семинар ағымдағы жылғы 9-13 шілде аралығында жалғасады.

Іс-шараға қатысу үшін Астанаға АSOSAI-ға мүше 29 мемлекеттіӊ жоғары аудит органдарыныӊ өкілдері келді.

Семинардыӊ ашылуында Есеп комитетініӊ Төрайымы Наталья Годунова кіріспе сөз сөйледі.

Қазақстанныӊ жоғары мемлекеттік аудит органыныӊ басшысы қатысушыларға жемісті жұмыс тілей отырып, түрлі елдердіӊ мамандарына мемлекеттік аудит саласындағы еӊ маӊызды мәселелер бойынша тәжірибе мен пікір алмасуына мүмкіндік беретін осындай кеӊ ауқымды кездесулерді өткізудіӊ маӊыздылығын атап өтті.

Өмірді, соныӊ ішінде мемлекеттік басқару, экономика, IТ аудиті органдарын цифрландыру жағдайында және аудитті жүргізу барысында тікелей ақпараттық технологияларды қолдану күннен-күнге өзекті болып отырғанын баса айтып өтті.

"Осыған байланысты ақпараттық жүйелер мен олардыӊ дамуына салынған қаражаттыӊ тиімділігін бағалау қажеттігі туындады. Сәйкесінше ақпараттық технологияларды енгізу мен дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардыӊ іске асырылуына мемлекеттік аудит жүргізудіӊ рөлі арта түседі.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік ұйымдардыӊ ақпараттық жүйелерін енгізу және күтіп-ұстауға арналған шығындарды оӊтайландыру және оларды тиімді пайдалану үшін IТ аудитін жүргізу аса маӊызды", - деді Наталья Годунова.

Есеп комитеті Төрайымыныӊ айтуынша, аудит сондай-ақ ақпараттық технологиямен байланысты күрделі және ұйымныӊ немесе кәсіпорынныӊ қызметіне жан-жақты кері әсер етуі мүмкін тәуекелдерді анықтайды және талдайды.

"Ақпараттық технологияларды енгізу өте қымбат. Және олар жұмсалған бюджет қаражатына тұрарлықтай болуы тиіс. Енгізу сапасын бағалау, IT-бақылау тиімділігін бағалау, ІТ-сервистерді басқару және IТ-процестерді басқару одан да маӊызды", - деп қорытындылады Наталья Годунова.

Анықтама ретінде:

ASOSAI (Азия жоғары мемлекеттік аудит органдарыныӊ ұйымы) - өзініӊ құрамында азия және тынық мұхиты өӊірініӊ 46 елініӊ жоғары қаржылық бақылау органдарын біріктіретін ұйым. 1979 жылы құрылған. ASOSAI-дыӊ жоғары органы болып 3 жылда бір рет өткізілетін Ассамблея болып табылады. Есеп комитеті ASOSAI-ға 2000 жылдан бастап мүше болып табылады.

Есеп комитетініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны