16.06.2017, 14:14 6518

Астанада ауыл шаруашылығыныӊ органикалық даму болашағы талқыланды

Бұл жылы сессия "Қазақстандағы органикалық ауыл шаруашылығыныӊ даму болашағы" тақырыбына арналды.

Астана. 16 маусым. Kazakhstan Today - Х Астана экономикалық форумы аясында азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне арналған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымыныӊ панельдік сессиясы өтті.

Бұл жылы сессия "Қазақстандағы органикалық ауыл шаруашылығыныӊ даму болашағы" тақырыбына арналды.

Панельдік сессия жұмысына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше ауыл шаруашылығы министрлері, республиканыӊ жергілікті атқарушы органы өкілдері, отандық және халықаралық ұйым мен бизнес өкілдері қатысты.

Қоршаған ортаны сақтау мен келешек ұрпақ үшін қор тұрғысынан жаӊа заманда органикалық өнімді өндірудіӊ жылдан жылға маӊызы артып келе жатқанын атап айта кеткен жөн. Және бұл мәселені талқылау республика үшін өте маӊызды болып табылады.

Жерді химияландырудыӊ тарихи төменгі көрсеткіші мен еліміздіӊ табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып, органикалық өнімді өндіруге ауысу ауыл шаруашылығыныӊ салалық елеулі потенциалын есепке алғанда бұл сегментте Қазақстан әлемдік нарықта заӊ бойынша көшбасшылық орын ала алады.

Елбасы өзініӊ "Қазақсатанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздіӊ агроөнеркәсіп кешені алдында бірқатар тапсырмалар қойды. Оныӊ ішінде аграрлық экспорттық өнім өндіру, әсіресе, экологиялық таза азық-түлік өндіру бойынша әлемдегі еӊ ірі өндіруші ел болу керектігін баса айтты.

Қазақстан 2015 жылы "Органикалық өнім өндіру туралы" заӊ қабылдады. Оны енгізу үшін отандық және шетелдік эксперттер, оныӊ ішінде азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымыныӊ мамандары тартылды.

АӨК-ні дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған жаӊа мемлекеттік бағдарламасында органикалық ауыл шаруашылығын жүзеге асыруға ерекше көӊіл бөлінді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде салалық ассоциациялар мен одақтар және ауыл шаруашылығы өндірушілері, ғалымдар, халықаралық кеӊесшілер кіретін арнайы жұмыс тобы құрылды. Қазіргі күні органикалық өнім өндіруді дамытудыӊ кешенді жоспары зерттелуде.

Жоспар өндірістегі мемлекеттік ынталандыру шарасын, инфрақұрылым мен ұлттық сертификация жүйесін және органикалық өнім өндіруді растауды, ғылыми, кадрлық, ақпараттық сүйемелдеуді енгізетін болады.

Бүгінніӊ өзінде органикалық өнім 300 мыӊ гектардан артық алқапта өндіріледі. Негізінен дәнді-дақыл, зәйтүн, бұршақ, жемшөптік дақыл және дәрілік шөптер өндіріледі.

Бүгінгі күні Қытай және Парсы шығанағы елдері нарықта органикалық өнім өндіру бойынша алдыӊғы қатарда.

Вице-Премьер: "Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту үшін дұрыс басымдық пен бағдар таӊдалғанын байқауға болады және қажетті шаралар да қолданылады. Себебі, органика азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаны қорғауда, табиғи биологиялық әртүрлілікті арттыруда маӊызды рөл атқарады",- деп атап өтті.

Еӊ соӊында панельдік сессиясыныӊ қатысушыларынан түскен ұсыныстар мен сұрақтар бойынша талқылау өткізілді.

Панельдік сессиясыныӊ қорытындысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен органикалық ауыл шаруашылығын дамытудыӊ өндірістік ұсынысы болып табылады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны