02.04.2008, 11:48 1497

Астанада бірінші Қазақстандық Халықаралық металлургиялық конференция ашылды

Астанада бірінші Қазақстандық Халықаралық металлургиялық конференция ашылды

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін". Астанада бірінші "2008 -Қазақстандық Халықаралық металлургиялық конференция" ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Металлургия мемлекеттің ұстанымын жаһандық кеңістігінде нығайтады, республикамызда металдармен жұмыс істейтін салалар жоғары өнімдерді қажет етуде", - деп айтылған ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің конференция қатысушыларына жолдаған сөзінде. Оны ҚР индустрия және сауда министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Темір Нұрғалиев оқыды.

В. Школьник конференцияның жұмысы "саланың тиімді дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді".

Конференцияға металлургия саласында жұмыс істейтін Қазақстанның және шетелдік бизнес құрылымдары қатысуда. Олардың арасында шикі ат пен металл дайындайтын, қара және түсті металл прокаттарын шығаратын, өнімдерді сататын және жаңа технологияларды енгізумен айналысатын кәсіпорындар өкілдері қатысуда.

Жалпы форум жұмысына 20 елден оның ішінде Қазақстан, Ресей, Қытай, Италия, Латвия, АҚШ, Украина, Швейцария, Эстониядан келген 200 маман қатысуда.

"Конференцияның басты мақсаты- Қазақстандағы қара және түсті металдар деңгейінің дамуы және оның әлемдік нарықтағы орнын анықтау. Конференцияда " Қазақстан -2030" стратегиясына сәйкес инвестицияларды тарту, сауда- саттық нарығын кеңейту, өнім бәсекелестігін арттыру және металлургияның инновациялық саясаты бойынша жаңа ұсыныстары дайындау мәселелері қарастырылады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Конференция барысында Қазақстанның Ресей, алыс және жақын шет мемлекеттердің әкімшіліктік, металлургиялық, өндірістік, банк және сауда құрылымдарымен қарым қатынас жасау мүмкіндіктері талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны