04.08.2006, 15:34 2985

Астанада бірінші республикалық ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ашылды

АСТАНА. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада бірінші республикалық ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Жәрмеңкені ашқан республика үкімет басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, "еліміз 2015-жылға дейін ауылшаруашылығындағы өнім мөлшерін үш есе арттыруға талпынуы тиіс". Үкімет басшысының мәліметіне жүгінсек, қазір Жалпы ішкі өнім құрамындағы ауылшаруашылығының үлесі 6 проценттен асады.

Үкімет басшысы осы орайда еліміздің барынша бәсекеге қабілетті әлемнің 50 елінің қатарына қосылу мақсатын алға қойғанын тағы бір еске салды. "Бұл бізден өнімнің бәсекелстік қабілетін арттыруымызды талап етеді. "Қазақстан" атты брендті шартарап танитындай деңгейге қол жеткізу керек",- деп мәлімдеді Д.Ахметов.

Үкімет басшысы сонымен бірге ауылшаруашылығы жәрмеңкесінің бизнесті дамыту мен компаниялар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті. Д.Ахметовтың пікірінше, осындай жәрмеңкені жыл сайын өткізіп тұру керек.

Бірінші республикалық ауылшаруашылығы жәрмеңкесі 5-тамызға дейін жалғасады. Оған еліміздің 200-дей компаниясы қатысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны