28.09.2009, 18:27 2959

Астанада экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі қазақстан-польша үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді

Астанада экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі қазақстан-польша үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада 2 қазанда экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақстан-польша үкіметаралық комиссиясы өтеді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Отырыста қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев, ал польша жағынан - Польша премьер-министрдің орынбасары - Экономика министрі Вальдемар Павляк бастаған делегациялар қатыспақ.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық, келісім-шарт-құқықтық базасының жағдайы, энергетика, кіші және орташа бизнестерге жәрдем көрсету, транспорт, қауіпсіздік өндірісі, туризм, ауылшаруашылық, денсаулық сақтау, білім және ғылым, еңбек пен халыққа әлеуметтік жақтау көрсету мәселелер талқыланады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны