27.01.2016, 13:05 3939

Астанада елорданыӊ құрылыс саласыныӊ қорытындысы шығарылды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаӊында Астана қаласы әкімініӊ бірінші орынбасары Сергей Хорошунныӊ қатысуымен "2015 жылы елорданыӊ құрылыс саласында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы" тақырыбында брифинг өтті

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаӊында Астана қаласы әкімініӊ бірінші орынбасары Сергей Хорошунныӊ қатысуымен "2015 жылы елорданыӊ құрылыс саласында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы" тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өткен жылдыӊ қорытындысына сәйкес құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 472 млрд. теӊгені құрап, 1759 мыӊ м2 баспана пайдалануға берілді. Бұл елорда тарихындағы еӊ жоғары көрсеткіш. Пайдалануға берілген баспана көлемі 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 146%-ға артық", - деп мәлімдеді Астана әкімініӊ бірінші орынбасары, деп хабарлайды www.astana.gov.kz тілшісі.

Өткен жылы жалпы ауданы 2371 мыӊ м2 құрайтын 1135 әртүрлі нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 107 әлеуметтік нысан, соныӊ ішінде әрқайсысы 1200 орындық жалпы білім беретін 4 мектеп, 1720 орындық 8 балабақша тапсырылды. Бұған қоса, 250 кереует-орындық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығы, сол жағалауда 500 келушіге арналған амбулаториялық-емханалық кешен, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Іс басқармасыныӊ клиникалық-оӊалту кешені сияқты денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілді.

"Қолжетімді тұрғын үй - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында 343 мыӊ м2, соныӊ ішінде ескі және апатты жағдайдағы үйлерді бұзу пилоттық жобасы аясында 151 мыӊ м2 баспана пайдалануға берілді.

Бұл тұрғыда пилоттық жоба басталғалы бері апатты жағдайдағы үйлерде тұрған отбасыларға 1762 пәтер тегін берілгенін атап өту керек.

Бекітілген кестеге сәйкес, жобаныӊ 1-кезеӊін толық жүзеге асыру 2017 жылдыӊ екінші жартысында аяқталады.

Индустриалды парк аумағында 27 өндірістік нысан пайдалануға беріліп, 2735 жаӊа жұмыс орны ашылды.

"Жалпы экономикалық коньюнктура дамуыныӊ тұрақсыздығына қарамастан 2016 жылы экономиканыӊ құрылыс саласындағы өсу қарқынын кемінде 104% көлемінде сақтап қаламыз деп жоспарлап отырмыз", - деді С. Хорошун.

Оныӊ айтуынша, әкімдік қолда бар қаржылық ресурстардыӊ аздығына байланысты халықаралық қаржы ұйымдарымен, соныӊ ішінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетіктерін пайдалану арқылы қарыз бен несие тарту мақсатында жұмыстар жүргізуде. Бұл бағытта осы жылдыӊ өзінде 960 орындық 4 балабақша, 4 амбулаториялық емхана, 4 көп деӊгейлі паркинг құрылысы жобаларын бастау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таӊда Астана қаласында құрылыс кезеӊінде 2591, жобалау кезеӊінде 1195 нысан жүзеге асырылуда.

Астана қаласы әкімініӊ бірінші орынбасары "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" және "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заӊдарын бұзуға жол берген елордада тұрғын үй кешендерін салушыларға қатысты жағдайға ерекше тоқталып өтті.

"Бұл мәселе әкімдік пен ведомствоаралық комиссия мүшелерініӊ жіті бақылауында. Өткен жылы құрылыс бойынша 909 бұзушылық, пәтерлерді заӊсыз сату бойынша 37 дерек анықталып, олар бойынша мемлекеттік органдар тарапынан дер кезінде тиісті шаралар қабылданды", - деп атап өтті С. Хорошун.

"Өткен жылы біз өз бетінше құрылыс жүргізуге қатысты бұзушылықтарды еӊ төменгі көрсеткішке дейін азайттық. Кезекші жоспарға сәйкес жекелеген оқиғалар анықталып отырады. Бүгінгі күні құрылыс салушылар өз бетінше сала бастаған нысандардыӊ құрылысын сот шешімімен тоқтатып, кейін қымбат айыппұлдар төлегенше заӊмен белгіленген тәртіпте рұқсат қағаздарын алып жұмыс істеген тиімді екеніне көз жеткізді", - деді ол.

Жалпы, проблемалық нысандарға қатысты барлық мәселелер ведомствоаралық комиссияныӊ ұдайы бақылауында.

Елордада салынып және жобаланып жатқан барлық нысандар туралы ақпарат www.astana.gov.kz сайтында жарияланған.

Бұған қоса, осы салаға қатысты туындаған барлық сұрақтарды аталған сайттыӊ "Виртуалды қабылдау бөлмесі" және "Халықтық бақылау" айдарларына жолдауға болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны