25.02.2014, 20:34 11387

Астанада халықаралық автомобиль тасымалы жөніндегі Қазақстан - Литва аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль көлігі департаментінің директоры Ерлан Жұмашев 2011 жылы Қазақстанның автомобиль көліктерімен 344 млн. АҚШ долларын сомасындағы 62,5 мың тонна жүк тасымалданғанын атап өтті. Литвалық тасымалдаушылардың үлесі 19,3%, қазақстандықтардың үлесі 32,5%, үшінші ел өкілдерінің үлесі 48,2% құрап отыр.

Алматы. 25 ақпан. Kazakhstan today. 2012 жылғы 20-21 қыркүйек күндері Астанада халықаралық автомобиль тасымалы жөніндегі қазақстандық - литвалық аралас комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Кездесу барысында тараптар жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша статистикалық мәліметтермен, осы саладағы нормативтік-құқықтық және заңнамалық актілерге енгізілген жаңалықтармен бөлісті.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль көлігі департаментінің директоры Ерлан Жұмашев 2011 жылы Қазақстанның автомобиль көліктерімен 344 млн. АҚШ долларын сомасындағы 62,5 мың тонна жүк тасымалданғанын атап өтті. Литвалық тасымалдаушылардың үлесі 19,3%, қазақстандықтардың үлесі 32,5%, үшінші ел өкілдерінің үлесі 48,2% құрап отыр.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сомасы 197 млн. АҚШ долларына тең 42 мың тонна жүк тасымалданған болса, соның ішінде литвалық тасымалдаушылардың үлесі 25,2%-ды, казақстандықтардың үлесі 18,7%-ды, үшінші ел өкілдерінің үлесі 56,1%-ды құрап отыр.

Жоғарыда көрсетілген елдер арасындағы тауар айналымының талдауы тасымалдың негізгі үлесі үшінші елдерге (Беларусь, Украина, Ресей) тиесілі екенін көрсетті. Осыған орай, тараптар екіжақты нарықтағы жұмысты белсенді етуді ұсынды.

Ерлан Жұмашев заңнамалық актілерге шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан аумағына кіруін реттейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін мәлімдеді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында халықаралық қатынастардағы автомобиль тасымалының рұқсат жүйесін қолдану ережесінің 46 тармағына сәйкес Үшінші елдерге (елдерден) жүк тасымалдауы жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағына жүкті артып жүктеумен (тиеу/түсіру) үшінші елдерге (елдерден) тасымалды орындауға арналған рұқсат болған жағдайда жүзеге асырылады.

Халықаралық тасымалдарға берілетін рұқсат бланкісін айырбастау квотасы бойынша 2013 жылға берілетін квота көлемі ағымдағы жылғы көлемге тең болмақ.

Яғни, литвалық тараптар үшін - 4500 әмбебап бланк және 600 үшінші елдерге (елдерден) рұқсат бланкі. Ағымдағы жылдың рұқсат бланктері 2013 жылғы 1 ақпанға дейін жарамды болып табылады.

Квота көлемінен басқа тараптар олардың қолданылу аясын да талқылады. Себебі, тәжірибеде екіжақты рұқсат бланктері бойынша үшінші елдерге (елдерден) тасымалдау оқиғалары жиі кездесіп отырады.

Кездесу соңында, литвалық делегация басшысы, Литва Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жол көлігі саясаты мен азаматтық авиация департаменті директоры Томас Пилукас кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, екі елдің автомобиль саласындағы әріптестігінің болашақта жемісті дамуына сенім білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны