05.12.2011, 13:13 3797

Астанада Инновациялық форум ашылады

Астанада 2011 жылдың 5-6 желтоқсаны аралығында "Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіз жолдан кейінгі болашаққа көзқарас" форумы өтеді.

Астана. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада Инновациялық форум ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астанада 2011 жылдың 5-6 желтоқсаны аралығында "Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіз жолдан кейінгі болашаққа көзқарас" форумы өтеді.

Қазақстан Премьер-министрінің ресми сайтында хабарланғандай(Pm.kz), аталған форум Тәуелсіздіктің 20 жылындағы елдің инновациялық дамуына қорытынды жасап, алдағы инновациялық қызметтің даму бағытын айқындауға негізделген.

Форум аясында II Қазақстандық лин-форум, "Форсайт болашақты жақындатудың амалы ретінде" технологиялық форсайт (болжам жасау) жөніндегі халықаралық конференциясы, "Қазақстан Республикасындағы технологияны коммерцияландыру және зияткерлік меншік жүйесі" халықаралық форумы, "Президенттік инновация клубының бірінші отырысы, дөңгелек үстелдер, панельді сессиялар мен инновациялық жобалар көрмесі өтеді.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Pm.kz сайты инновациялық форумның онлайн-көрсетілімін жүргізеді, ол 5 желтоқсан күні сағат 11.00-де басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны