23.10.2008, 15:36 3221

Астанада I-ші халықаралық "АГРОИНВЕСТ.KZ - 2008" аграрлық инвестициялық форумы өз жұмысын бастады

Астанада I-ші халықаралық "АГРОИНВЕСТ.KZ - 2008" аграрлық инвестициялық форумы өз жұмысын бастады

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың 23-24 қазанында Астанада I-ші халықаралық "АГРОИНВЕСТ.KZ - 2008" аграрлық инвестициялық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумның басты мақсаты - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қарсаңындағы алыс және жақын шет мемлекеттердің азық-түлік нарықтарының даму үрдістері мен болашағын талқылау; қазақстандық аграрлық сала мен инвестициялық жобалардың әлеуетті мүмкіндіктерін таныстыру.

"АГРОИНВЕСТ.KZ - 2008" форумына қатысушылардың жалпы саны - шамамен 400 адам. Бұлар 106 қазақстандық және 60 шетелдік компания өкілдері болып табылады. Форумға әлемнің 24 елінен өкіл келді (Египет, Сауд Арабиясы, Иордания, Франция, Нидерланды, Жапония, АҚШ, Германия, РФ, Корея, Қытай, Израиль, Канада, Италия, Дания, Ұлыбритания, Словакия, Белоруссия, Украина, Малайзия, Түркия, Қырғызстан, Швейцария және Қазахстан, бұлардың қатарында БҰҰ ФАО ұйымының, Бүкіләлемдік және Еуропалық банктердің, т.б. делегациясы бар). Форум жұмысын ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов ашты.

Жалпы құны 2 миллиард долларға тең 147 инвестициялық жобаның паспорттары ресми каталогқа енгізілді. Форумның алғашқы күні тұсауын кескен 15 ірі инвестициялық жоба Сауд Арабия, Египет және басқа да шетелдік инвесторлардың зор қызығушылығын тудырды.

Бұған қоса, форумның ашылу күні "ҚазАгро" Ұлттық холдингі" БҰҰ ФАО-мен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал ету бойынша және Қытай Халық Республикасының мемлекеттік банкімен Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қойды.

Форумды өткізу Қазақстанның әлемдік рыноктарға азық-түлік жеткізуші ретіндегі орнын айқындай түсуге және отандық ауыл шаруашылығын инвестиция ағымымен қамтамасыз етуді көздейді.

Іс-шараға ҚР президент әкімшілігі мен ҚР үкіметінің ресми тұлғалары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, БҰҰ ФАО ұйымының талдаушылары мен АҚШ АШМ сарапшылары, әлемдік банктер мен халықаралық ірі компаниялар, отандық агробизнес және банк саласының қызметкерлері, салалық одақтар мен қоғамдастықтардың жетекшілері қатысты.

Форумды "ҚазАгро Ұлттық холдингі" АҚ мен "ҚазАгроМаркетинг" АҚ ҚР үкіметінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми қолдауымен, сондай-ақ БҰҰ Ауыл шаруашылығы және азық-түлік ұйымымен (ФАО) бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны