07.02.2017, 18:56 4820

Астанада Islamic Finance News ТМД форумы өтеді

"Астана" Халықаралық қаржы орталығы REDmoney агенттігімен бірлесіп Астанада 2017-жылдыӊ 14-наурызында IFN (Islamic Finance News) ТМД форумын өткізеді.

Астана. 7 ақпан. Kazakhstan Today - "Астана" Халықаралық қаржы орталығы REDmoney агенттігімен бірлесіп Астанада 2017-жылдыӊ 14-наурызында IFN (Islamic Finance News) ТМД форумын өткізеді.

Бұл іс-шара ислам қаржыландыруы нарықтарыныӊ, ТМД елдерініӊ негізгі ойыншылары мен қадағалаушыларыныӊ басын қосады.

Соӊғы бес жыл көлемінде ТМД қаржы нарықтары Еуразиялық экономикалық Одақтыӊ құрылымдалуы нәтижесінде белсенді интеграцияға көшті. Инвесторлардыӊ өз активтерін әртараптандыруы және жаӊа нарықтар іздеу шараларыныӊ аясында ислам банкингі мен қаржыландыруы 170 млн.астам халық қоныстанған үлкен аймақтық нарықтыӊ дамуындағы үлкен күшке айналады алады.

Қазақстан 2008 жылдан бастап ислам қаржыландыруыныӊ нормативті-құқықтық базасын құру және жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Сукук (Sukuk - облигацияныӊ исламдық баламасы) шығару және дәстүрлі банкті исламдық банкке айырбастау бойынша заӊға өзгерістер 2015 жылдыӊ қараша айында қосылды.

Қазақстан - аймақтағы ислам қаржыландыру саласындағы алдыӊғы қатардағы заӊдылығы бар жалғыз ел, бұл - елдіӊ аймақтағы ерекше орналасуыныӊ кепілдігі және ислам қаржыландыруыныӊ ТМД өзге елдеріне таралауына ықпал ете алады.

Thomson Reuters Islamic Growth Markets Investment Outlook Есебі бойынша Қазақстан 2015 жылы Ислам Серіктестігі Ұйымыныӊ (ИСҰ) құрамына енетін 57 елдіӊ арасында ислам инвестицияларындағы тартымдылығы бойынша 5-ші орынға ие. Қазақстан ИСҰ құрамына 1995 жылы еніп, 2011 жылы осы беделді халықаралық ұйымға төрағалық жасады.

Мұнан өзге, "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен жеке секторды дамыту Ислам Корпорациясыныӊ арасында ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды. Бұл қол қойылған құжаттар жеке сектор, оныӊ ішінде ислам қаржыландыруы, банк ісі, капитал нарығы, активтерді басқару, қаржы технологиялары, адами капиталды дамыту салаларындағы ынытмақтастықтыӊ онан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Ислам даму банкі (ИДБ) Қазақстанға ислам қаржыландыруын дамыту, Орталық Азия елдерімен арадағы экономикалық қатынас пен байланысты дамытуға техникалық қолдау көрсетуге міндет алды.

REDmoney Group

REDmoney Group Ислам қаржыландыруында арнайы қызмет көрсетуге негізделген ірі халықаралық мердігер.

2004 жылы құрылған, Дубай мен Куала-Лумпурде офистері бар, әлемдік қаржылық нарықтарына жан-жақты жоғарғы сапалы салалы қызмет көрсетеді. REDmoney Group әр түрлі нарықтармен, Африка мен Азиядағы жаӊа ислам экономикасынан абстап, осы салдағы көшбасшылар - Малайзия, Парсы шығанағы, Еуропаныӊ, АҚШ-тыӊ дамыған нарықтарында жұмыс істейді.

"Астана" Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО)

"Астана" Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамасымен құрылған. Елбасы 2015 жылдыӊ 7-желтоқсанында АХҚО туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық талаптарға және әлемдік мықты қаржы орталықтарына сай Қазақстанда және аймақта қаржылық қызметтерді көрсету арқылы экономикалық өсімге және Астананыӊ Еуразия аймағындағы қаржылық және логистикалық орталығына айналуына ықпал ету.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны