04.10.2012, 15:33 3308

Астанада қараша айында ірі бизнестің IV экономикалық форумы өтеді

"Оның басты мақсаты - Қазақстанның ұлттық экономикасының негізгі тенденцияларын талдау және көшбасшысын анықтау, экономиканың көкейкесті мәселелерін талқылауға бизнестің кең шеңберін, үкімет өкілдерін және сарапшылар қауымын тарту", - делінген Қазақстан қор биржасының сайтындағы хабарламада.

Астана. 4-қазан. Kazakhstan Today - Астанада 7 қараша күні "Эксперт-100-Қазақстан" ірі бизнестің IV экономикалық форумы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Форум жыл сайын Қазақстанда іске асырылатын ауқымды зерттеу-коммуникациялық жобасының қорытынды іс-шарасы болып табылады".

"Оның басты мақсаты - Қазақстанның ұлттық экономикасының негізгі тенденцияларын талдау және көшбасшысын анықтау, экономиканың көкейкесті мәселелерін талқылауға бизнестің кең шеңберін, үкімет өкілдерін және сарапшылар қауымын тарту", - делінген Қазақстан қор биржасының сайтындағы хабарламада.

Іс-шара барысында "Ұлттық бизнестің тұрақты дамуы - Қазақстанды жаңғыртудың басты факторы" тақырыбына пленарлық мәжіліс, "Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету: капитал тарту және тәуекелдерді басқару", "Стратегиялық жоспарлау және тұрақты дамуды басқару: көрсеткіштердің теңгерімді жүйелері" және "Корпоративтік басқару мен есеп беру тұрғысынан тұрақты даму мәселелері" тақырыбына тақырыптық дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Форум шеңберінде "Эксперт-100-Қазақстан" рейтингісінің қорытындысы бойынша Қазақстанның ірі компаниялары марапатталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны