02.06.2006, 10:18 2886

Астанада “Кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндіктер” атты Қазақстан-Грузия бизнес-форумы өтуде

АСТАНА. 2-маусым. Kazakhstan Today. Астанада “Кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндіктер” атты Қазақстан-Грузия бизнес-форумы өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қазақстан мен Грузияның министрліктері мен мекемелері, сондай-ақ, іскерлік өкілдері форумда өз инвестициялық жобаларын таныстыруда. Форум аясында
Қазақстан мен Грузия арасындағы саяси және экономикалық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, сондай-ақ, әр мемлекет экономикасының салыстырмалы артықшылықтары мен сыртқы нарыққа шығаратын экспорты көлемін одан әрі арттыру әлеуетін ескеретін келешегі бар бірлескен жобаларды айқындау мәселелері талқыланады.

Форумға еліміздің вице-премьері Кәрім Мәсімов пен Грузия үкімет басшысы Зураб Ногаидели қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны