23.03.2017, 18:05 6674

Астанада қазақ-өзбек бизнес форумы өтті

Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Шавхат Мирзиеевтыӊ Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астанада қазақ-өзбек бизнес форумы өтті.

Астана. 23 наурыз. Kazakhstan Today - Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Шавхат Мирзиеевтыӊ Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астанада қазақ-өзбек бизнес форумы өтті. Бизнес-форум кезінде екі ел кәсіпкерлерініӊ қатысуымен В2В форматында келіссөздер жүрді. Сондай-ақ, Өзбекстанныӊ өнеркәсіп және тұтыну тауарларыныӊ көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Өзбекстанныӊ жеӊіл өнеркәсіп, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, банк, инвестиция және басқа да салалар бойынша 100-ге тарта компаниясы қатысты. Жалпы форумға шамамен 500 кәсіпкер және екі жақтыӊ ұлттық компаниялары мен мемлекеттік ұйым өкілдері қатысты. Өзбекстан тарапынан 250 компанияныӊ өкілдері келді. Қазақ-өзбек бизнес форумы алаӊында бір инвестициялық жоба мен экспорттық сауда саласына қатысты 9 құжатты қосқанда барлығы 10 коммерциялық келісімге қол қойылды.

Өзбекстан Президенті Шавхат Мирзиеевтыӊ Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі жақтыӊ кәсіпкерлері автокөлік жасау, мұнайгаз, ауыл шаруашылығы мен химия өнімдерін жеткізу бойынша жалпы сомасы 834 млн АҚШ долларын құрайтын барлығы 92 құжатқа қол қойды.

Қол қойылған құжаттардыӊ ішіндегі еӊ салмақтысы Өзбекстанда шығарылатын автокөліктердіӊ өндірістік құрастырылуын ұйымдастыру жөніндегі келісім, мұнайгаз саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісім және Өзбекстаннан жеміс-жидек пен өӊделген жеміс өнімдерін жеткізу туралы шарт және химия өнімдерін жеткізу туралы (аммика селитрасы мен карбамид) шарт және тағы басқа.

Бизнес-форумға қатысушылар өзара іс-әрекеттер жақын болашақта өз нәтижесін береріне сенім білдірді.

Бүгін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтіӊ Қазақстанға ресми сапары аясында Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өзбек тауарөндірушілерініӊ Ұлттық көрмесі өтуде.

Көрмеге өзбекстандық 100 компания қатысып жатыр. Олардыӊ қатарында ауыл шаруашылық машинасын жасау, автомобиль құрастыру, фармацевтика, тұрмыстық техника, жеӊіл өнеркәсіп, азық-түлік, химиялық өнімдер және тағы басқа да салалар бар.

Сағат 09:00-де басталған көрме 18:00-ге дейін жалғасады. Іс-шара аясында көрші мемлекеттерге өз өнімдерін өткізуге мүдделі екі ел тауарөндірушілерініӊ екіжақты кездесулері болады.

Осы тұста айта кететені бір жайт, 2017 жылдыӊ қыркүйегінде "KAZNEX INVEST"АҚ Өзбекстанда Сауда миссиясын ұйымдастырады. Оған Өзбекстанға өз өнімін экспорттауға мүдделі 30 қазақстандық компания қатысады.

ҚР ИДМ Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны