13.04.2017, 15:44 5459

Астанада Қазақстан қор нарығына инвестиция тарту мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада "Қазақстан қор нарығына халықаралық капиталды тарту" атты халықаралық конференция өтті.

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада "Қазақстан қор нарығына халықаралық капиталды тарту" атты халықаралық конференция өтті. Ұйымдастырушылар - "Астана" Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), BNY Mellon Банкі (Нью-Йорк), FTI Consulting және Kinstellar компаниясы.

Конференцияға АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов, Шетел инвесторлары Басқарма Төрағасы Ульф Вокурка, "KMG D&S" ЖШС басқарма мүшесі А. Алпамысов, Credit Suisse қаржы конгломераты, "ҚазАтомПром" ҰАК және өзге де қазақстандық және халықаралық компаниялар мен қаржы институттарыныӊ өкілдері қатысты.

Конференция инвестиция мен қор нарықтарын дамыту саласындағы сарапшылар мен аналитиктердіӊ басын қосатын диалогтық алаӊ рөлін атқарды.

Конференция кезінде АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов шетел инвесторларыныӊ назарына Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға негізделген АХҚО-ныӊ негізгі стратегиялық бағыттары: капитал нарығы, активтерді басқару, жеке тұлғалардыӊ әл-ауқатын басқару (private banking), ислам қаржыландыруы және озық қаржылық технологиялар бойынша кеӊірек айтты.

Бұған қоса, Қ.Келімбетов жаӊа қор биржасыныӊ алаӊқайы Astana International Exchange (AIX) биржасы туралы мәліметтер ұсынды, Қор биржасы осы жылдыӊ күзінде іске қосылмақ, онда "Самұрық-Қазына" ҰИҚ-ныӊ еӊ тартымды компанияларыныӊ акциялары орналастырылады.

"Қор нарығыныӊ дамуына Елбасы жариялаған "Самұрық-Қазына" ҰИҚ құрамына енетін ұлттық компаниялардыӊ, өзге де компаниялардыӊ жекешелендіруі бойынша бастамасы өте маӊызды. Сондықтан, осы бағыт бойынша дамуымыз керек",-деді Қ.Келімбетов.

Конференция кезінде екі панелдік сессияныӊ өткізілуі көзделіп отыр, онда қатысушылар мүмкіндіктердіӊ пайда болатын уақыты мен қандай да бір сыннан өтетін кезеӊдегі инвестициялық кейстерді қарастырды, бұған қоса, "Сәтті IPO өткізу үшін халықаралық қаржы аудиторияларымен өзара іс-қимыл жасау", "Корпоративтік басқарудыӊ ұтымды тәжірбиелері" атты баяндамаларды тыӊдады.

Бұған қоса, Financial Times қаржылық басылымыныӊ дамушы нарықтар бойынша редакторы Джеймс Кинж жекешелендіру стратегиясы бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, конференция кезінде "Бәйтерек" Ұлттық басқару холдингі мен Tengri Partners компаниясыныӊ ықпал етуімен "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - ұлттық чемпиондар" бағдарламасы аясындағы қатысушылармен кездесу өткізілді.

Қазақстандық жеке компаниялардыӊ өкілдері отандық нарықтағы IPO өткізу, әсіресе, АХҚО жаға бирждасыныӊ мүмкіндіктері, қазақстандық компаниялардыӊ алғашқы рет акцияларыныӊ орналастыруына қатысты дайындық жұмыстарын жүргізу туралы ақпараттар алды.

Қазақстандық компаниялардығ отандық қор нарығына шығуы компаниялардыӊ өсіміне, және инвестициялық тартымдылығына әсер етеді.

Жергілікті қор нарығын құру - АХҚО-ныӊ негізгі стратегиялық бағыттарыныӊ бірі. Қазақстан капитал нарығын құру елге қосымша шетел инвестициясын тартып, ұлттық экономика өсімін тездетеді. Оныӊ үстіне капитал нарығы банк саласына балама бола алады.

Ақпарат үшін

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеӊестік кеӊістікте тұӊғыш рет ағылшын құқығыныӊ қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады.

АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

FTI Consulting. Ұйымдарға өзгерістерді басқару, тәуекелді оӊайлату, қаржылық, заӊдық, операциялық, саяси, нормативтік, бедел және транзакциялық мәселелерді шешу бойынша маманданған Халықаралық тәуелсіз консалтингтік компания. FTI Consulting барлық бизнес-цикл бойынша, оныӊ ішінде тіуекелді басқару, даӊғдарыс кезіндегі реакция секілді қызметтерді көрсетеді.

The Bank of New York Mellon - инвестициялық менеджмент, инвестициялық қызмет, капиталды басқару саласындағы әлемдік лидер. Кеӊ көлемдегі интеграция, тәжірбиесініӊ арқасында компаниялар мен жеке тұлғаларға әлем бойынша капитал нарықтарында сәтті жұмыс істеуге көмектеседі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны