22.07.2014, 19:50 4032

Астанада Қазақстан мен Ресейдің газ тасымалдау жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

Болашақта ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қолданыстағы және жобаланудағы газ тасымалдау жүйелерінің келешектері қаралды.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі Ұ.С. Қарабалиннің "Газпром" ААҚ Басқарма Төрағасының орынбасары А.И. Медведевпен ресми кездесуі өтті, - деп хабарлады ҚР МГМ баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында тараптар газ саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар мәселелерді талқылады, оның ішінде: Келісім бойынша операторы "КазРосГаз" ЖШС-і болып табылатын "Имаш" газконденсатты кенорнын игерудің келешегі мен Қарашығанақтың шикі газын сатып алып-сату туралы ұзақ мерзімдік келісім-шарттың 2038 жылға дейін ұзартылуы.

Болашақта ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қолданыстағы және жобаланудағы газ тасымалдау жүйелерінің келешектері қаралды.

Өткізілген келіссөздер қорытындысы бойынша жоспарлар мен міндеттерді "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен "Газпром" ААҚ одан әрі іске асырады деген шешім қабылданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны