08.06.2017, 16:55 3797

Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеӊесініӊ төртінші отырысы өтті

ҚҚІК қорытындысы бойынша жалпы 7 млрд АҚШ долларына жуық сомаға 22 коммерциялық және негіздемелік келісімдерге қол қойылды.

Астана. 8 маусым. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеӊесініӊ (ҚҚІК) төртінші отырысы өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары "Самұрық-Қазына" АҚ (бұдан әрі - Қор), ҚХР Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті және "CITIC Group" корпорациясы. ҚҚІК жұмысына екі елдіӊ 500-ге жуық мемлекеттік органдарыныӊ өкілдері, ірі компаниялары мен қаржы институттары қатысты. ҚҚІК қорытындысы бойынша жалпы 7 млрд АҚШ долларына жуық сомаға 22 коммерциялық және негіздемелік келісімдерге қол қойылды.

ҚҚІК қатысушылары үш панельдік сессия аясында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады: "Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығы", "Ауыл шаруашылығындағы өӊдеу және экспорт: жаӊа мүмкіндіктер ашу", "Шағын және орта бизнес ынтымақтастығы". Қазақстан мен Қытайдыӊ іскерлік топтарыныӊ өкілдері арасында сондай-ақ B2B форматында екі жақты кездесулер өтті.

"Екі мемлекеттіӊ басшылары Қазақстан-Қытай іскерлік кеӊесініӊ алдына үлкен міндеттер қойды. Осы уақыттыӊ ішінде іскерлік кеӊес өзініӊ тиімділігін көрсетіп, диалог және бизнес-алаӊ ретінде қалыптасты. Қазіргі таӊда қазақстандық-қытайлық қоржында жалпы 28 млрд АҚШ долларына жуық сомаға 51 жоба бар. Оныӊ ішінде жүзеге асырылып жатқан 14 жоба "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобыныӊ үлесіне тиесілі. Біздіӊ бизнес-серіктестік мұнай-газ, химия, энергетикалық, тау-кен металлургиялық, ауыл шаруашылығы, машина жасау секторларына бағытталған", - деп деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

ҚҚІК отырысыныӊ қорытындысы бойынша жалпы 7 млрд АҚШ долларына жуық сомасына энергетика, химия өнеркәсібі, металлургия салаларында барлығы22 коммерциялық және негіздемелік келісімдерге, оныӊ ішінде "Самұрық-Қазына" АҚ тобыныӊ қатысуымен жалпы 4,5 млрд АҚШ доллар сомасына 6 келісімге қол қойылды.

Атап айтқанда, "Бірлескен химиялық компания" ЖШС ("Самұрық-Қазына" АҚ қоржындық компаниясы) мен Қытайдыӊ Мемлекеттік Даму Банкі (ҚМДБ) арасында Атырау облысында "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" АЭА аумағында метанол мен аммиак өндіру, сондай-ақ Жамбыл облысында "Тараз Химиялық паркі" АЭА аумағында күйдіргіш сода өндірісін іске қосу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді. Аталған жоба Қазақстанда алғашқы агрохимиялық кластерді дамыту аясында жүзеге асырылуда.

Бұдан өзге, "Самұрық-Энерго" АҚ мен "HYDROCHINA CORPORATION" қытайлық корпорациясы Алматы облысыныӊ Шелек дәлізінде қуаттылығы 60 МВт болатын, 300 МВт дейін кеӊейту перспективасымен ЖЭС салу және шағын ГЭС салу бойынша жобаларды іске асыру туралы меморандумдарға қол қойды. Сондай-ақ, "Самұрық-Энерго" АҚ China Datang Corporation корпорациясымен Ерейментау қаласыныӊ ауданындағы жел паркін 45-тен 300 МВт дейін кеӊейту бойынша меморандум жасасты.

Сонымен бірге, "Самұрық-Қазына" Қоры мен China Development Bank Corporation, "KAZAKH INVEST" ҰК мен "HUBEI KELISON" ЖШС арасында ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімдер жасалды.

Қытайдыӊ бизнес қауымдастығы "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобыныӊ стратегиялық инвесторы болып табылады. ҚХР Эксимбанкі хош иісті көмірсутектер өндіру кешені, Атырау МӨЗ-дегі мұнайды тереӊ өӊдеу кешені құрылысын несиелейді, Қытайдыӊ Мемлекеттік Даму Банкі газ-химия кешенініӊ (І кезеӊ, полипропилен өндірісі) құрылысын қаржыландырады. Сондай-ақ, Қор тобы ҚМДБ қатысуымен бірлесіп 2 млрд АҚШ долларынан астам қаржыландыру көлемімен химия саласында бірқатар ірі жобаларды іске асырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны