20.12.2013, 20:52 3010

Астанада "Қазақстанның ең үздік тауары" республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Осы шараға 152 кәсіпорын және жеке кәсіпкер қатысуда. Бұл - ағымдағы жылдың маусым - қыркүйек айларында өткен "Қазақстанның ең үздік тауары" өңірлік көрме-конкурстарының жеңімпаздары.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. Бүгін, 20 желтоқсанда Астанада Индустрияландыру күні барысында 2013 жылдың "Қазақстанның ең үздік тауары" анықталды.

Осы шараға 152 кәсіпорын және жеке кәсіпкер қатысуда. Бұл - ағымдағы жылдың маусым - қыркүйек айларында өткен "Қазақстанның ең үздік тауары" өңірлік көрме-конкурстарының жеңімпаздары.

"Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауарлар" номинациясында "Экотон Плюс" АҚ, "Шеврон Мұнайгаз" филиалы, "Экотон Плюс" АҚ, "Хлопкопром-Целлюлоза" ЖШС.

"Ең үздік азық-түлік тауарлары номинациясы бойынша I, II, III дәреже бойынша мадақтау дипломы "ДЕП" ЖШС (Қостанай облысы), "АстанаАгропродукт" ЖШС (Ақмола облысы) ұсынылды.

"Халыққа арналған ең үздік тауарлар" номинациясы бойынша алматылық "КазСПО-N" ЖШС, қарағандылық "Ютария" компаниясы мен "Маганов Валерий Евгеньевич" ЖК (СҚО).

Айта кетейік, "Қазақстанның ең үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыттың ішінде оның жеңімпаздары болып 88 отандық тауар өндірушілері атанды. Көрме-конкурсының негізгі мақсаттары - отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін белсендіру; Қазақстанның нарығын жоғары сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнімге толтыруға жәрдемдесу және сапа идеяларын танымал ету.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны