17.03.2014, 20:04 3339

Астанада Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы өтеді

Ағымдағы жылы мамыр айының ортасында Астанада Қазақстан-Венгрия бизнес-форумын өткізу жоспарлануда.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan today. Ағымдағы жылы мамыр айының ортасында Астанада Қазақстан-Венгрия бизнес-форумын өткізу жоспарлануда. Венгрия компаниялары мен Қазақстандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілер арасында ынтымақтастық сұрақтарын талқылау бойынша форумды "ҚазАгро" Ұлттық холдингі Қазақстандағы Венгрия Елшілігі мен сол елдің Ауыл шаруашылық Палатасымен бірлесе ұйымдастырады.

"ҚазАгрода" хабарлағандай, ауыл шаруашылық өнімдерінің Астаналық форумы Инвестиция және сауда бойынша Венгрлік агенттігі (HITA) наурыз айында Будапештте ұйымдастырған шараға жауап миссиясы болады. Венгрлік әріптестермен кездесулер қазақстандық Холдингтің Қазақстан экономикасына инвестициялар мен технологиялар тартумен байланысты мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау мен осы саладағы республикамыздың Үкіметі қойған міндеттерді жүзеге асырудағы шараларының бөлігі болып табылады.

Венгрия астанасында "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі өкілдері қазақстандық АӨК инвестициялық мүмкіндіктері туралы, "Агробизнес 2020" бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шаралары және "Инвестициялар туралы" Заң туралы сөз қозғап, сұрақтарға жауап берді. Форум барысында қазақстандық агросаладағы кәсіпорындармен жұмыс жасауға қызығушылық танытқан бірқатар компаниялармен екі жақты кездесулер өтті. Сонымен қатар, "ҚазАгро" мен EXIM Bank арасында Қазақстан территориясында АӨК саласында жобаларды инвестициялау бойынша бірыңғай қор құру туралы келісімдер жүргізілді. Венгрлік агробизнес өкілдерімен кездесу барысында "ҚазАгро" холдингі басшысы Дулат Айтжанов қазақстандық аграршылар Венгр елінің көп жылдық мамандануын ескере отырып, екі жақты ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отырғанын атап өтті. Бізді қызықтыратын ет өндіру мен қайта өндіру, сонымен қатар көкөніс өнімдерін қайта өңдеу.

Венгр елінде өткен бизнес-форумда қазақстандық делегация осы елдің кейбір агроөнеркәсіптері жұмыстарымен танысты. Соның ішінде кәсіпкерлер ІҚМ бағу бойынша Hunland фермасын және көкөніс пен жеміс қайта өңдеу бойынша Mirelit Mirsa зауытында болды. Осыған орай, осы өндірушілердің өкілдері Астанада өтетін бизнес-форумға қатысу ықыласын білдіріп, қазақстандық әріптестермен өзара жұмыс жасаудың мүмкіндіктерін талқылау үшін кездесуді жоспарлауда.

"Қазақстанда көкөніс өнімдерін өндірудің үлкен потенциалы бар. Жаппай астық жинау кезінде оның молшылығы бар. Сонымен қатар, маусым арасында сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз, қайта өңдеу де әлсіз дамуы байқалады. Сондықтан біз осы салаға да венгрлік технологияларды тартуға бағытталдық" - деп "ҚазАгро" Холдингі Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов Венгрияда өткен бизнесмендермен кездесуде атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны