22.08.2006, 18:45 3167

Астанада қыркүйектің басында Қазақстанның мұнай апталығы өтеді

АСТАНА. 22-тамыз. Kazakhstan Today. Астанада қыркүйектің басында Қазақстанның мұнай апталығы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілішісіне ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның мұнай апталығы аясында қыркүйектің 5 мен 7 аралығында Астанада "Munai-Gas.kz" атты Қазақстанның бірінші халықаралық мұнай және газ көрмесі өтеді.

Көрмеде әлемдік стандарттарға сәйкес соңғы буынды технологиялар ұсынылып, кәсіпкерлер арасында тиімді келісім-шарттар мен инвестициялық және интеграциялық жобалар талқыланады деп күтілуде. Апталық аясында сонымен қатар энергетикалық форум өткізіледі.

Ал қыркүйектің бірінші жексенбісінде тойланатын мұнай және газ саласының қызметкерлері күніне орай мұнайшылар кеші ұйымдастырылмақ. Аталған шарада үздік экологиялық, әлеуметтік, инновациялық бағдарламалар аталымдары бойынша марапаттау рәсімі болады.

Қазақстанның мұнай және газ апталығы аясында өткізілетін шаралар Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласындағы әлеуетін таныстырып, жалпыға ортақ салалық проблемаларды шешу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында диалог орнатуға түрткі болу, мұнайгаз өнеркәсібінің рыногын салыстыра талдау, өткен кәсіби жылды қорытындылап, жаңаша мақсаттарды айқындап алуға септігін тигізуі тиіс.

Сонымен бірге мұнайшылар кешінде алғаш рет саладағы үздіктерді мынадай аталымдар бойынша марапатату салтанаты өткізіледі: Жыл маманы; Жылдың жобасы; Таңдаулы экологиялық бағдарлама; Таңдаулы әлеуметтік бағдарлама; Таңдаулы инновациялық бағдарлама; Жылдың серпілісі; Жыл адамы.

Қазылар алқасының құрамына министрліктер мен мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдері мен еліміздің мұнайгаз саласының құрметті өкілдері енген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны