07.02.2014, 18:52 11064

Астанада коммуналдық қызмет төлемінің өсуі күтілмейді - ТМРА

ТМРА төрағасы орынбасарының айтуы бойынша, Астанада тарифтердің көтерілуі жоспарланып отырған жоқ. "Астана бойынша тарифтердің көтерілуі күтілмейді. Астана қаласындағы табиғи монополиялар 3 субьекті бойынша департаментке түскен өтініш жоқ", - деді А. Алпысбаев.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. Коммуналдық қызмет төлемдерінің өсуі Астанада күтілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлімдеді.

"Тарифтердің өсіміне келсек, ол жоспарлы түрде жүзеге асады, инфляцияның құнына байланысты немесе табиғи монополиялардың өтініші бойынша. Осы жылы енді өтініштер болмайды", - деді А. Алпысбаев.

Жыл басынан бастап 52 өтініш түсті олардың 7 қабылданып, 7-сі қаралмады, 18-і қайта қарау алдында тұр.

"20 өтініш бойынша қабылданғандардың басым бөлігі ауылдық жергілікті пункттер, "Ақ бұлақ" бағдарламасы арқасында сумен жабдықтау негізі енгізілген болатын", - деді ол.

ТМРА төрағасы орынбасарының айтуы бойынша, Астанада тарифтердің көтерілуі жоспарланып отырған жоқ.

"Астана бойынша тарифтердің көтерілуі күтілмейді. Астана қаласындағы табиғи монополиялар 3 субьекті бойынша департаментке түскен өтініш жоқ", - деді А. Алпысбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны