11.10.2006, 16:10 3091

Астанада ҚР қаржылық ұйымдарды қадағалау агенттігі басқармаларының отырысы өтіп, онда "Валют-Транзит" банкіндегі ахуалға қатысты мәселе талқыланады

АСТАНА. 11-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі басқармаларының отырысы өтіп, онда "Валют-Транзит Банкі" АҚ-ындағы ахуалға қатысты мәселе талқыланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгін біз ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі басқармаларының көшпелі отырысын өткізіп, "Валют-Транзит Банкі" АҚ-ын сауықтыру жоспарын талқылаймыз. Егер басқарма мүшелері жаңа менеджмент тарапынан жасалған барлық ұсыныс-аргументтерді қабылдайтын болса, егер жаңа стратегиялық инвестор тарапынан нақты іс-әрекеттер ұсынылатын болса, онда банкке сауықтыру процедурасынан өтуге мүмкіндік беретін оң шаралар міндетті түрде қабылданады",- деді агенттік төрағасы Арман Дунаев.

"Олай болмаған күнде лицензияны қайтарып алу жөнінде шешім қабылданады",- деді ол. ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі басшысының айтуынша, осыдан кейін барып "бірінші кезекте депозит иелерінің талабын қанағаттандыру үшін" банк активтерін сатуға шешім шығарылады.

"Дегенмен мен банкті сауықтыруға болады деген ойға тірелемін. Өйткені, аталмыш қаржылық институттың бөлімшелерінің желісі еліміз бойынша үшінші орында",- деді А.Дунаев. Оның айтуынша, сауықтыру шарасы жарты жылға созылуы ықтимал. Заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің басым бөлігі шоғырланған "осы тектес банктерді біз орға итеріп жіберуге құқығымыз жоқ", деді ол. "Бұл менің жеке пікірім және оны мен басқармалардың отырысында айтатын боламын",- деді агенттік төрағасы.

"Банктің қазіргі басына түскен қиындық ликвидтілікке қатысты", деп пайымдайды А.Дунаев. "Депозит иелерінің назарына саларым - қазір аталмыш банктің айналасында қалыптасқан айғай-ұйғай мен қобалжыс жалпы алғанда ақырғы шешім қабылдауға кері әсерін тигізеді дер едім. Депозит иелері бұл өздерінің жеке шешімі екенін ұмытпауға тиіс. Егер қазір бәрі жабыла жүгіріп ақша талап ететін болса, онда банкте ақша болмайды",- деді А.Дунаев.

Оның пікірінше, ""Валют-Транзит Банкі" АҚ-ындағы ахуал кеше ғана пайда болған жоқ". Агенттік төрағасының айтуынша, ол басқаратын мекеме өткен жылдың аяғында қаржылық институттың іс-қызметіне кешенді тексеру жүргізген. Алайда банк басшылығы мен акционерлері тексеру нәтижесімен келіспей қойған. "Біз қосымша тексерулер жүргізіп, қосымша деректердің бетін аштық. Бұның бәрінің артында уәкілетті мекемеден ақпарат жасыру дерегі тұр. Мұндай әрекетке біздің агненттік қана емес, жалпы қаржылық қоғамдасьық оң баға бере алмайды",- деді А.Дунаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны