15.01.2013, 11:24 3184

Астанада қуат үнемдейтін шыны зауыты ашылады

Сыртқы істер министрлігімен ЭКСПО-2017 көрмесін қолдау қорын толықтыру үшін қажетті сома 5 млн. еуро көлемінде келісілді, деп хабарлады экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Астана. 15-қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада қуат үнемдейтін шыны зауыты ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сыртқы істер министрлігімен ЭКСПО-2017 көрмесін қолдау қорын толықтыру үшін қажетті сома 5 млн. еуро көлемінде келісілді, деп хабарлады экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

"ЭКСПО-2017 көрмесін қолдау қорының қаражатын толықтыру үшін қажетті сома 5 млн. еуроны құрайды", - деді Е.Досаев.

Министрдің айтуынша, аталмыш Қор қол қойылған меморандумдар бойынша міндеттемелерді орындаудың аясында Халықаралық көрмелер бюросына мүше елдермен ынтымақтастық бойынша жұмысты жалғастырады және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ғылыми жобаларға қолдауды қамтамасыз етеді. 5 млн. еуро сома аталған іс-шараларды іске асыруға қажет.

"Осыған орай аталған соманы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" акционерлік қоғамының қаржысы есебінен бөлуді сұраймыз", - деді Е.Досаев.

Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық жоспардың іс-шараларының 90%-дан астамы 2013 жылға жоспарланған. Тіркеу құжаттары 2013 жылдың қазан айында Халықаралық көрмелер бюросының атқарушы комитетінде бекітілгеннен кейін Ұлттық жоспар 2014-2018 жылдарға арнап түзетілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны