12.12.2011, 11:28 4602

Астанада күн батареяларын өндіретін зауыттың құрылысы басталды

Сенбі күні Астананың маңында қазақстандық кремнийдің негізінде күн батареяларын шығаратын зауыттың іргетасына капсула салынаған. Бұл туралы "Қазатомөнеркәсіп ҰАК" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада күн батареяларын өндіретін зауыттың құрылысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні Астананың маңында қазақстандық кремнийдің негізінде күн батареяларын шығаратын зауыттың іргетасына капсула салынаған. Бұл туралы "Қазатомөнеркәсіп ҰАК" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

"2011 жылдың 10желтоқсанында Астана қаласының қасында қазақстандық кремнийдің негізінде күн батареяларын шығаратын зауыттың құрылысына капсула салудың салтанатты рәсімі өтеді", - делінген компанияның баспасөз қызметі сәрсенбі күні таратқан ақпаратта.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, капсуланы "Қазатомөнекәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьник пен Францияның атом энергиясы жөніндегі комиссариатының басшысы Бернар Биго салады.

"Зауыттың құрылысы "Қазатомөнекәсіп" ҰАК" АҚ Францияның атом энергиясы және энергияның балама көздері жөніндегі комиссариатының басқаруындағы француз консорциумымен бірлесіп жүзеге асыратын ірі жобаның бір бөлігі болып табылады. Жобаның мақсаты - Қазақстанда күн энергетикасы технологияларын дамыту және энергияның қайта жаңартылатын көздерінің өндірісі бойынша интеграцияланған өнеркәсіптік желісін құру", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны