11.12.2012, 15:41 3053

Астанада Орталық Азияда аусылмен күресетін орталық ашылады

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Асылхан Мамытбеков республикада ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған алқа мәжілісінде мәлім етті.

Астана. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today - Елордамызда Орталық Азияда аусылмен күресу жөніндегі орталық ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Асылхан Мамытбеков республикада ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған алқа мәжілісінде мәлім етті.

"Астанада, мүмкін болып жатса, басқа да өңірлерде бүкіл Орталық Азияда аусылмен күресетін орталық ашу туралы келісім бар. Бұл жақсы көмек болар еді, себебі еліміздегі эпизоотикалық ахуал көршілеріміздің эпизоотикалық жағдайларына тәуелді", - деді А.Мамытбеков өз сөзінде.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда елімізде ветеринарлық қауіпсіздікті дамыту стратегиясы әзірленуде, бұл мәселелер бойынша халықаралық ұйымдардың сарапшыларынан консультациялар алынуда.

Сондай-ақ, ветеринарлық ауруларды диагностикалау қағидалары мен емдеу қағидалары жаңартылуда,- деді министр. Мысалы, қазіргі таңда ветеринарлық қызметтер анализдің иммуноферменттік әдісінен бас тартуда, сондай-ақ бруцеллез бойынша вакцинация жүргізуде.

Мал ауруларын диагностикалау және вакцинациялаудағы өзгертулер туралы айтар болсақ, таңдау жасау фермерлердің қолында, себебі мал бизнес субъектілерінің активтері болып табылады, деп түйіндеді министр өз сөзін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны