26.02.2016, 11:16 5017

Астанада Орталық Азиядағы босқындарды қорғау мен олардыӊ көші-қон мәселелері талқыланды

Басқосуға ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов, Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымныӊ аймақтық үйлестірушісі Деян Кесерович, ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияныӊ хатшысы Тастемір Ибішев, ҚР және Орталық Азиядағы көші-қон саясаты саласындағы мемлекеттік органдардыӊ, сонымен қатар, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері қатысты.

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесініӊ аясында "Көші-қонныӊ әлеуметтік-экономикалық салдары: Орталық Азияға біріктіру қажеттілігі мен босқындардыӊ осалдығы" тақырыбында "дөӊгелек стол" өтті. Шараны ҚР Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ кітапханасы сараптама орталығы Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымыныӊ (әрі қарай - КХҰ) субаймақтық үйлестіру кеӊсесі және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесе отырып ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Басқосуға ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов, Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымныӊ аймақтық үйлестірушісі Деян Кесерович, ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияныӊ хатшысы Тастемір Ибішев, ҚР және Орталық Азиядағы көші-қон саясаты саласындағы мемлекеттік органдардыӊ, сонымен қатар, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері қатысты.

Жиынныӊ мақсаты - Орталық Азия елдерініӊ еӊбек көші-қоны саласындағы жаӊа беталыстарын сараптау мен өзара тәжірибе алмасу, көші-қон заӊнамасындағы олқылықтарын анықтау мен ортақ ұсынымдар жасау болып табылады.

"Дөӊгелек стол" барысында босқындардыӊ құқығын қорғау мен олардыӊ өсіп-өнген мемлекеттері үшін тиімді экономикалық әсер алу, сонымен қатар, адамдарды саудалаумен күресу саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында оларды қоғамға кіріктіру мәселелеріне баса назар аударылды.

ХКҰ мәліметінше, әлемдегі әрбір жетінші адам босқын болып саналады, оныӊ ішінде 214 млн. халықаралық және 740 млн. ішкі босқындар. Халықаралық босқындар саны 2040 жылы 400 млн-ға дейін көбеюі болжанып отыр. Халықаралық еӊбек ұйымыныӊ статистикалық мәліметтерінше, адамдарды сату арқылы түсетін заӊсыз кірістіӊ көлемі жыл сайын 150 млрд. АҚШ долларын құрайды. 21 млн-ға жуық адам мәжбүрлі еӊбекке салынады.

Өз сөзінде ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов экономикалық дағдарысқа және жаӊа геосаясаттық беталыстарға байланысты мигранттар мен босқындардыӊ мәселелері байыпты талқылауды қажет ететіндігін атап айтты.

"Бүгінде еӊбек көші-қоны саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты ұлғайту, шекарадағы бақылауды күшейту қажет, мигранттарды қоғамға кіріктіру бойынша жұмыс жүргізу және халықаралық нормаларды ескере отырып, көші-қон саласында тиімді заӊдарды жасау керек", - деді Біржан Нұрымбетов.

Кездесу соӊында қатысушылар Орталық Азиядағы реттелмейтін көші-қон миграциясы, адамдарды саудалау мен мигранттардыӊ құқығын қорғау мәселелерін шешу бағытындағы көпжақты ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға келісті.

Естеріӊізге сала кетейік, Алматы процесі - 2011 жылы Қазақстанныӊ бастамасымен құрылған тұрақты пікір алмасу алаӊы болып табылады. Оныӊ мақсаты - аймақтық форматтағы және жаһандық перспективадағы босқындар мен халықаралық көші-қонныӊ өзекті мәселелерін бірлесе отырып шешу. Қазақстан Алматы процесініӊ бірінші басшысы болып сайланған болатын. Біздіӊ елден басқа Алматы процесініӊ тұрақты қатысушылары - Изербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Түркменстан елдері. Иран мен Пәкістан бақылаушы мәртебесінде.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны