30.11.2012, 18:16 9328

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлерінің II кеңесі өтті - баспасөз баяны

Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлерінің II кеңесі өтті. Оның аясында Қазақстан ұйым жанынан су және азық-түлік комитеттерін құруды ұсынды.

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлерінің II кеңесі өтті. Кеңесте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Толыбаев сөз сөйледі.

Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлерінің II кеңесі өтті. Оның аясында Қазақстан ұйым жанынан су және азық-түлік комитеттерін құруды ұсынды.

"Ондай комитеттерді құру аса маңызды. Сол себепті бүгінгі кеңес кезінде біз осындай ұсыныс жасадық. Қазіргі кезде әлем бойынша ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету мәселесі уақыт өткен сайын күрделі болып бара жатыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер оны жақсы біледі. Өйткені ұйымға кіретін бүкіл елдер трансшекаралық су ресурстарына иелік етіп отыр. Ал су комитеттері құрылатын болса, біз осы саладағы мәселелерді реттеп алар едік. Азық-түлік қауіпсіздігі де біз үшін аса маңызды. Сондықтан оны да бірлесіп шешкен жөн", - деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Толыбаев.

Айта кетейік, бүгін Астанада өткен кеңес кезінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы ауыл шаруашылығы саласында өзара ынтымақтастық туралы келісімді (Ташкент, 2010 жыл) іске асыру шаралары жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған жоспар бекітілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны