07.05.2008, 10:29 1672

Астанада тариф негізсіз көтерілмейді - газет

Астанада тариф негізсіз көтерілмейді - газет

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қалалық департаменті өз құзыры аясында тарифтің негізсіз көтерілуіне жол бермеу міндетін қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Вечерняя Астана" газетіне сілтеме жасай отырып.

"Біз коммуналдық қызметтерге тарифтердің кезекті рет өсуі бірқатар келеңсіз салдарды, мәселен, инфляцияның өсуін, халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігінің әл-ауқатының төмендеуін, азық-түлік, халықтың тұтыну тауарлары мен әртүрлі қызмет бағаларының қымбаттауын тудыратынын түсінеміз", - деп мәлімдеді газетке берген сұхбатында Астана қалалық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің бастығы Абзал Естаев.

Газет сондай-ақ, коммуналдық салада қызмет көрсететін барлық базалық субъектілер ағымдағы жылдың екінші тоқсанында өз қызметтерінің тарифін көтермеуге уәде беріп отыр. Оған тек "Астанаэнергосбыт" ЖШС қана қатыспайды. Ол электр энергиясының бағасын ҚҚС есептемегенде 1 кВт/сағатқа 4,95 теңгеге дейін көбейтуді сұрап отыр. Бұл қазіргі тарифтен 0,15 теңгеге артық (3,1%).

"Біздің болжауымыз бойынша, тариф көтеруге үміткерлікке алғашқылардың бірі болып "Қалалық электр желілері" АҚ тіркелуі мүмкін. Қазір есептеулер жүріп жатыр. Олар жақын уақыттарда бізге тиісті арыз жолдайды деп ойлаймын", - деп атап көрсетті А. Естаев.

Газет сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап "Астанаэнергосбыт" ЖШС электр қуатына дифференциалдық тариф енгізгенін хабарлады. Ол тәулік мерзіміне байланысты анықталатын болады.

Мысалы, тұтынуды үш зоналы есептеу жүйесінде ҚҚС есептегендегі тариф: 7.00-ден 19.00-ге дейін - 5,42 теңге/кВт-сағ; 19.00-ден 23.00-ге дейін - 11,42 теңге/кВт-сағ; 23.00-ден 7.00-ге дейін - 1,56 теңге/кВт-сағ. Тұтынуды екі зоналы есептеу жүйесінде: 7.00-ден 23.00-ге дейін - 6,98 теңге/кВт-сағ; 23.00-ден 7.00-ге дейін - 1,56 теңге/кВт-сағ.

"Дифференциалдық тарифті пайдалану энергиямен қамтамасыз етуші компанияға "кешкі максимум" кезінде электр қуатының тұтыну мөлшерінің азайтуға, ал "Түнгі тұңғиық" кезінде электр қуатын пайдаланатын тұтынушыларға соңынан аз сома төлеуге мүмкіндік береді. Жаңа мөлшерлеменің енгізілуімен бірге түнгі өндірістер де пайда болуы ғажап емес", - деп ақпарат ұсынған газет.

Сондай-ақ, дифференциалдық тариф балама тариф екені хабарланған. Абонент көп мөлшерлемелі есептегіш құралы болған жағдайда кез келген уақытта "Астанаэнергосбыт" ЖШС арыз жазып, дифференциалдық тариф орнатып алуына болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны