05.09.2017, 19:03 4508

Астанада Тәуелсіз әл-ауқат қорларыныӊ халықаралық форумы (IFSWF) өз жұмысын бастады

Астанада Тәуелсіз әл-ауқат қорларыныӊ халықаралық форумы (IFSWF) өз жұмысын бастады. Жыл сайынғы дәстүрге айналған IFSWF 9-шы отырысыныӊ ашылу салтанатына ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, IFSWF хатшылығыныӊ басшысы Эдриан Орр қатысты.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада Тәуелсіз әл-ауқат қорларыныӊ халықаралық форумы (IFSWF) өз жұмысын бастады. Жыл сайынғы дәстүрге айналған IFSWF 9-шы отырысыныӊ ашылу салтанатына ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, IFSWF хатшылығыныӊ басшысы Эдриан Орр қатысты.

Ортаазиялық өӊірде тұӊғыш рет өткізіліп жатқан форумныӊ жұмысына жетекші әлемдік тәуелсіз әл-ауқат қорларыныӊ 20-дан астам топ-менеджерлері бас қосып отыр. Оныӊ ішінде "Khazanah Nasional Berhad" (Малайзия), "China Investment Corporation" (ҚХР), "Russian Direct Investment Fund" (Ресей), "Qatar Investment Authority" (Катар), "Cdp Equity" (Италия), "Kuwait Investment Authority" (Кувейт) және т.б. бар.

IFSWF форумы еліміздіӊ бас қаласында 200-ден астам делегатты жинады. Олардыӊ арасында тәуелсіз әл-ауқат қорларыныӊ, халықаралық ұйымдардыӊ, трансұлттық компаниялар мен кәсіпкерліктіӊ өкілдері бар.

Форумныӊ тақырыбы: "Нарықтыӊ жаӊа көкжиектерін зерттеу жолында". Іс-шараныӊ ұйымдастырушылары: Тәуелсіз әл-ауқат қорлары халықаралық форумыныӊ (IFSWF) хатшылығы және "Самұрық-Қазына" АҚ (бұдан әрі - Қор). ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Астанадағы IFSWF жыл сайынғы 9-шы отырысыныӊ қонақтары мен қатысушыларына құттықтау сөзін арнады.

"Қазақстан экономиканы әртараптандыруға, сандық және технологиялық жаӊғыртуға негізделген экономикалық өсімніӊ жаӊа моделін қалыптастыруда. Инвесторлар үшін машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, логистика, мұнай-химия, озық технологиялар, туризм, басқа салаларда да тартымды инвестициялық мүмкіндіктер ұсынамыз. Бұл трансформацияда "Самұрық-Қазына" қорыныӊ рөлі маӊызды. Қор құрылымына құны 70 млрд АҚШ долларын құрайтын және экономиканыӊ түрлі салаларын қамтитын елдіӊ ірі және өнімділігі жоғары активтері кіреді. "Самұрық-Қазына" Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ жекешелендіруге және нарықтық реформаларға назар аударылған ұлттық экономиканы жаӊғырту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиясы аясында қызмет етеді. Бүгін мен ҚР Үкіметі инвесторлардыӊ халықаралық қауымдастығымен ашық сұхбатқа дайын екендігін атап өткім келеді", - деді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Астанадағы IFSWF күн тәртібінде тұрақсыз әлемдік нарықтардағы қатерлерді басқару және активтерді бөлу, жаһандық инвестициялар бойынша тәуелсіз қорларға арналған бес жылдық сценарий, сандық экономиканыӊ негізгі үрдістері мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар форумда тәуелсіз әл-ауқат қорларыныӊ әлемдік нарықтарға әсері, жаӊа инвестициялық әдіс-тәсілдер мен шешімдерді қалыптастыруда IFSWF мүшелерініӊ рөлі пікірталас үлгісінде талқыланбақ.

"Тәуелсіз әл-ауқат қорлары жаһандық нарыққа тұрақтылықты және ұзақмерзімді капитал ұсынуды кепілдендіре алады. Ұзақмерзімді инвестициялармен байланысты қаржылық пайданы және жедел дамуға бет алған технологиялық үрдістерді ескерсек, тәуелсіз қорлар жаһандық инвестициялық нарықтыӊ негізгі ойыншылары ретінде қалуы үшін бейімделуі және өзгеруі қажет. IFSWF мүшелерініӊ үздіксіз инновацияларды және озық тәжірибелерді ұстанатыны қуантады", - деді өз сөзінде Тәуелсіз әл-ауқат қорлары халықаралық форумы (IFSWF) хатшылығыныӊ төрағасы Эдриан Орр.

Іс-шара аясында IFSWF мүшелерініӊ кездесулері, интерактивті пікірталастар мен семинарлар, панельдік сессиялар өтеді. Форум қатысушылары төрт ашық панельдік сессиялар аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін, тәуелсіз қорларды дамытудыӊ өзекті мәселелерін кеӊінен талқыға салады: "Сандық экономиканыӊ дамуы", "Тәуелсіз әл-ауқат қорларыныӊ қарқынды дамуы", "Тиімді жекешелендіру - тәуелсіз қорлардыӊ рөлі", "Жаӊа жаһандану - Қытайдыӊ "Бір белдеу - бір жол" бастамасы".

"Біз үшін Орталық Азиядағы мұндай жоғары деӊгейдегі іс-шараны тұӊғыш рет өткізу - үлкен абырой. Тәуелсіз әл-ауқат қорларыныӊ халықаралық форумы ынтымақтастықтыӊ және біліммен алмасудыӊ үздік алаӊына айналып отыр. Жыл сайынғы кездесудіӊ биылғы "Нарықтардыӊ жаӊа көкжиектерін зерттеу жолында" тақырыбы жаӊа нарықтық және экологиялық үрдістер, тиімділікті арттыру, инновацияларды ілгерілету және сандық теӊсіздікті еӊсеру үшін өзекті бағыттарды айқындап, жаһандық инвестициялық ахуалды сипаттайды. Күтілетін нәтижелер арасында инвестицияларды тарту үшін инновациялық идеяларды және стратегиялық шешімдерді қабылдау тәсілдерін әзірлеуді, жаӊа дағдылар мен білімді дамыту бар", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

IFSWF Астанадағы отырысыныӊ қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" АҚ әлемніӊ жетекші корпорациялары және даму институттары - италиялық CDP Equity S.p.A әл-ауқат қорымен, Дүниежүзілік банкпен, сонымен қатар General Electric халықаралық корпорациясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қояды деп жоспарланған. Астанадағы IFSWF жыл сайынғы 9-шы отырысы 2017 жылғы 7-ші қыркүйекке дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны