29.03.2012, 12:26 3992

Астанада теміржол көлігі саласының өнімдерін шығаратын жаңа зауыт салынады

Компанияның атап өтуінше, кездесу барысында "Альбатрос" компаниясының "Өнімділік-2020" бағдарламасына қатысу мәселелері және "Ұлттық инновациялық қоры" АҚ мемлекеттік қаржылай қолдау көрсететін гранттарды алу мүмкіндіктерін талқылады.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Испандық компания елордада теміржол көлігі саласының өнімдерін шығаратын зауыт салмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Тілеушинмен кездескен испандық "Альте" компаниясының бас директоры Микель Тусет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Ұлттық инновациялық қоры" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Компанияның атап өтуінше, кездесу барысында "Альбатрос" компаниясының "Өнімділік-2020" бағдарламасына қатысу мәселелері және "Ұлттық инновациялық қоры" АҚ мемлекеттік қаржылай қолдау көрсететін гранттарды алу мүмкіндіктерін талқылады.

Тарихы 1920 жылдан басталатын "Альбатрос" компаниялар тобы теміржол көлігі саласының өнімдерін шығарады. Олардың қатарында локомотив дайындауға қажетті бөлшектер, жолаушылар вагондарының ішкі жабдықтары, ақпараттық тақталар, ауа баптағыш сынды қажетті жабдықтар бар.

М.Тусеттің атап өтуінше, елорда аумағында салынатын бірлескен жаңа зауыт жоғарыда аталған барлық өнімдерді шығаратын болады. Сонымен қатар зауыт өнімдері ISO 9001 еуропалық сапа стандартына сай болып, онда жаңа технологияларды меңгерген қазақстандық мамандарға арналған жұмыс орындары ашылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны