15.06.2017, 14:23 3791

Астанада ТМД мемлекеттерініӊ аудит органдары басшылары кеӊесініӊ сараптамалық тобыныӊ 10-шы отырысы өтті

Отырысқа Изербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарыныӊ өкілдері қатысты.

Астана. 15 маусым. Kazakhstan Today - Астана қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ Жоғары қаржы бақылау (аудит) органдары басшылары кеӊесініӊ Түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сараптамалық тобыныӊ 10-шы отырысы өтті,- деп хабарлайды Есеп комитетініӊ баспасөз қызметі.

Отырысқа Изербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарыныӊ өкілдері қатысты.

Есеп комитетініӊ Төрағасы Нұрмұхамбет Ибдібеков отырыс қатысушыларына құттықтау сөзін арнады.

Ол өз сөзінде сараптама тобыжұмысыныӊ өзектілігі артып келеді, өйткені түйінді ұлттық көрсеткіштер экономиканыӊ жағдайы туралы ақпараттыӊ көзі ғана емес, сондай-ақ экономикалық дамудыӊ теӊгерімсіздіктері мен сәйкессіздіктерін анықтау, халықтыӊ өмір сүру деӊгейін көтеру бойынша іс-шаралардыӊ тиімділігін айқындаудыӊ маӊызды құралы болып табылатындығын баса айтты.

"Осыған байланысты, түйінді ұлттық көрсеткіштерді (ТҰК) әзірлеу және қолдану мәселелері мемлекеттік басқарудыӊ тиімділігін, есеп берушілігін, нәтижелілігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған жоғары қаржы бақылау (аудит) органдары үшін маӊыздылығы ерекше", - деді Нұрмұхамбет Ибдібеков.

Ресей Есеп палатасыныӊ департамент директоры, Сараптамалық топтыӊүйлестірушісі Дмитрий Зайцев қатысушыларды2016-2017 жылдары ТҰК бойыншасараптамалық топ қызметініӊ қорытындылары туралы хабардар етті.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарыныӊ тәжірибесінде түйінді ұлттық көрсеткіштерді (ТҰК) қолдану стандарттары мен әдіснамасын әзірлеу, ТҰК бойынша білім базасыныӊ жұмыс істеуі және одан әрі дамуы мәселелері талқыланды.

Есеп комитетініӊ мүшесі Константин Плотников Қазақстандағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесініӊ реформалануы туралы, жоғары мемлекеттік аудит органыныӊ жаӊа функцияларына, аудиторлық және сараптамалық-талдамалық іс-шараларды өткізу кезінде қолданылатын негізгі әдістер мен тәсілдерге жан-жақты тоқтады.

Отырыстыӊ қорытындысында қатысушылар 2018 жылға арналған Түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегісараптамалық топтыӊ жұмыс жоспарын бекітті.

Анықтама ретінде:

Түйінді ұлттық көрсеткіштер - тиісті салаларда ұлттық мақсаттарға қол жеткізудегі экономикалық және әлеуметтік ілгерілеуді өлшейтін көрсеткіштер.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ ЖҚБО басшылары кеӊесініӊ Түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сараптамалық тобы 2008 жылғы қыркүйекте Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ Жоғары қаржы бақылау органдары басшыларыныӊ VIII сессиясыныӊ шешімі бойынша құрылған.

Сараптамалық топтыӊ қызметі ИНТОСАИ-дыӊ түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі жұмыс тобыныӊ шеӊберінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ ЖҚБО басшылары кеӊесініӊ өӊірлік пилоттық жобасыныӊ іске асырылуына жәрдемдеседі.

ИНТОСАИ - Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 191 мемлекеттіӊ өкілдерін біріктіретін жоғары қаржылық бақылау органдарыныӊ халықаралық ұйымы. Ол 1953 жыл құрлыған. Есеп комитеті 2000 жылдан бері ИНТОСАИ-ға мүше.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны