19.08.2016, 09:41 2678

Астанада тұрғын үй құрылысына 74,1 млрд теӊге инвестиция тартылды

Тұрғын үй құрылысындағы инвестицияныӊ шамамен 18% Астанаға тиесілі. Үстіміздегі жылдыӊ жеті айында 74,1 млрд теӊге инвестиция тартылды.

Астана.19 тамыз. Kazakhstan Today - Астанада тұрғын үй құрылысына 74,1 млрд теӊге инвестиция тартылды, деп хабарлады қала әкімдігініӊ ресми сайты.

Құрылыс саласына салынған инвестициялардыӊ негізгі қаржы көздері шаруашылық субъектілерініӊ өз қаражаты болып табылады, оныӊ көлемі 227,6 млрд теӊгені (59,3%) құрады, сондай-ақ 97,3 млрд теӊге (25,3%) -мемлекет қаржысы, салымдардыӊ бір бөлігі - құрылыстар мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар, олардыӊ үлесі 76,7%, немесе 294,6 млрд теӊгені құрады.

Тұрғын үй құрылысындағы инвестицияныӊ шамамен 18% Астанаға тиесілі. Үстіміздегі жылдыӊ жеті айында 74,1 млрд теӊге инвестиция тартылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны