28.04.2017, 20:57 6664

Астанада Ұлттық инвестициялық стратегияныӊ жобасы мен "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы таныстырылды

Ұлттық инвестициялық стратегияныӊ жобасы ЭЫДҰ ұсынымдарын ескере отырып әзірленген. Наурызда құрылған "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы жалғыз оператор болып табылады және бизнес жобаларды жүзеге асыру кезеӊінде оларды сүйемелдейді.

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Сәуір айыныӊ 27-ші жұлдызында Астана қаласында ҚР Сыртқы Істер Министрлігі және "Kazakh Invest" Ұлттық Компания" АҚ қолдауымен шетелдік дипломатиялық корпусқа және инвесторларға Ұлттық инвестициялық стратегияныӊ жобасы мен "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы таныстырылды.

Ұлттық инвестициялық стратегияныӊ жобасы ЭЫДҰ ұсынымдарын ескере отырып әзірленген. Наурызда құрылған "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы жалғыз оператор болып табылады және бизнес жобаларды жүзеге асыру кезеӊінде оларды сүйемелдейді.

Іс-шара барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек, Дүниежүзілік Банктіӊ инвестициялық ахуал мәселелері жөніндегі кеӊсе басшысы Иван Нимак, "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашев, "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеӊесініӊ тәуелсіз мүшесі Альпаслан Коркмаз сөз сөйледі.

Мемлекеттіӊ экономикасына инвестиция тарту - Қазақстанныӊ мемлекеттік басымдықтарыныӊ бірі болып келеді. Инвестицияларды тарту бойынша жетекші орынды сақтау туралы Елбасыныӊ халыққа жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында, аймақта қазіргі таӊда Қазақстан Үкіметі екі бағытта жұмыс жасауда: Илем банкі ұсынысыныӊ негізінде инвестициялық тарту және сақтап қалу бойынша мемлекеттік стратегияны әзірлеу және "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясын іске қосу.

Ұлттық стратегия жобасын Илем Банкініӊ инвестициялық климат мәселелері бойынша офис басшысы Иван Нимак таныстырды.

"Қазіргі таӊда Қазақстанға тиімділікті іздеген инвесторларға назар аударған жөн болады. Оларға ұзақ мерзімді инвестициядан пайданы барынша көбейтуге мүмкіндік беретін ыӊғайлы сындарлы инвестициялық ахуалқызықты. Осындай инвесторлардыӊ Қазақстан басқа дамушы нарықтар арасында өзініӊ кеӊ көлемдегі тартымдылығына көзін жеткізу қажет. Ол үшін Қазақстанныӊ бәсекелестік артықшылықтарын анықтау бойынша күштерді бір шоғырға жинау керек, экономиканыӊ аса маӊызды секторларына инвестицияларды тартуға өзіндік тәсіл, сонымен қатар шетелдік қатысумен мемлекеттегі әрекеттегі компаниялар жағынан қайта инвестициялауды ынталандыру", - деді ол.

"Kazakh Invest" ҰК" АҚ инвесторлары мен мемлекеттік органдарымен өзара қатынасы, міндеті мен мақсаты туралы басқарма төрағасы МақсатҚабашев айтып өтті. Үкімет атынан халықаралық инвестициялық бірлестікпен қатынасты құру және нығайту бойынша біріӊғай сөйлесуші және біріӊғай орталық рөлінде "Kazakh Invest" Ұлттық компания шығады. Осыған байланысты "Kazakh Invest" басты функционалдық міндеті шетелдік инвесторға Қазақстанда идеядан бастап өндірістіӊ ашылуына және оныӊ келесі уақыттарда экспортқа шығуына дейін толық қолдау көрсету, яғни инвестициялық жобаныӊ іске асуыныӊ барлық кезеӊінде сүйемелдеу. Ол дегеніміз мемлекет экономикасына инвестиция тартудыӊ айтарлықтай тиімді, ұтымды және бизнеске бағытталған үлгісіне өту.

"Бір терезе" принципіне сүйене отырып, "Kazakh Invest" инвесторлардыӊ ҚР мемлекеттік органдарыныӊ өкілдерімен өзара қатынас жасауға қажеттілікті жоятын немесе азайтатын қызметті іске асыратын болады.

Жоғарыда көрсетілгендей, "Kazakh Invest" инвесторларға көрсететін мемлекеттік қызметтер жүйесінде бірыӊғай рұқсат нүктесіне айналады, оныӊ ішіне инвестициялық жеӊілдіктер түрінде инвесторларға мемлекеттік қолдау, сонымен қатар алдағы инвестициялық жобаларды іске асыруға және пайдалануға қажетті түрлі рұқсаттар мен келісулерді беру кіреді. Бұл ретте,іс жүзінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шешімдер жауапты мемлекеттік органмен қабылданса, "Kazakh Invest" рөлі қажетті құжаттарды жинау, мәжіліс барысында инвестор ықыласын ұсыну, рұқсат етілетін құжаттарды беру болып саналады.

"Kazakh Invest" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашевтіӊ айтуы бойынша "Шетелдік инвестордыӊ Қазақстандағы бүгінгі жетістігі - ол мемлекеттіӊ ертеӊгі ұзақ уақыттағы гүлденуі және біз оларға жан-жақты көмек көрсетуге дайындық".

"Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігініӊ құрылымына кіреді. Ол шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерлету жүйесініӊ ұлттық операторы, сондай-ақ шетел инвесторларын тарту және олармен жұмыс жасау жөніндегі мамандандырылған мемлекеттік компания. "Kazakh Invest" мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады және ол өзініӊ қызметтерін ақысыз негізде жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 01.03.2017 жылғы № 100 Қаулысына сәйкес "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" ұлттық қоғамы" акционерлік қоғамы болып қайта аталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны