13.12.2013, 21:16 3254

Астанада жаңа амбулаториялық-емханалық кешен ашылды

Жалпы, "100 аурухана" жобасы аясында елордада 2011-2012 жылдары 3 денсаулық нысаны қолданысқа берілген. Бұл ғимараттардың құрылысына республикалық бюджеттен 38 млрд теңге бөлінді.

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan today. Астанада ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында №10 жаңа амбулаториялық-емханалық кешен ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Емхана қаланың халықы тығыз орналасқан және қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірінде (Жамбыл мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында) "100 мектеп - 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Тәулігіне 500-ге дейінгі адамды қабылдай алатын 65000 халыққа есептелген АЕК-тің қуаттылығын болашақта тәулігіне 750-ге дейін арттырып, қызметін 95000-ге дейін көтеру жоспарланған", - делінген хабарламада.

№10 емхана - заманауи медициналық мекеме. Онда 22 мамандық бойынша дәрігерлер қызмет ететін болады. Кешен 5 қабатты үш блогты ғимараттан тұрады. Оның жалпы ауданы 20 661,8 шаршы метрді құрайды. Медицина мекемесінде алдыңғы қатарлы емдеу-диагностикалық қондырғылармен жарақтандырылған.

Оның құрамына емдеу-алдын алу және кеңес беру-диагностикалық бөлім, отбасы денсаулығы орталығы, амбулаториялық хирургия орталығы, мен жастар денсаулығы орталығы кіреді.

Заманауи диагностикалық құрылғылар, білікті медицина мамандары мен ыңғайлы ғимарат жедел диагностика бағдарламаларын енгізуге мүмкіндік береді. Бұл check-up бағдарламасы Астананың алдыңғы қатарлы медициналық мекемелерімен тығыз қатынас құра отырып жүзеге асырылатын болады.

Айта кету керек, жаңа кешенде және № 5 жәнге 8 емханаларында тіркеу процестерін барынша жеңілдететін электронды кезек орнатылған. Бұл өз кезегінде халыққа дер кезінде қызмет көрсетуге де жағдай жасайды.

Жалпы, "100 аурухана" жобасы аясында елордада 2011-2012 жылдары 3 денсаулық нысаны қолданысқа берілген. Бұл ғимараттардың құрылысына республикалық бюджеттен 38 млрд теңге бөлінді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны