16.05.2008, 16:32 3592

Астанада жанармай бағасы өсіп кетті - газет

Астанада жанармай бағасы өсіп кетті - газет

Астана. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жанармай бағасы өсіп кетті. Бүгін жанармай тарату бекеттерінде АИ-93 маркалы жанармайдың бір литрі үшін ең рекордты 92 теңгелік баға тіркелді. Ал "темір тұлпар" иелері АИ-96 жанармайын 110 - 112 теңгеден сатып алуға мәжбүр, деп хабарлайды агенттік "Вечерняя Астана" газетіне сілтеме жасап.

Осыдан бір апта бұрын АИ-92 жанармайын 3 - 5 теңгеге арзан сатып алуға болатын еді. Ал қазір бағаның жоғары екендігіне қарамастан, кейбір жанармай тарату бекеттерінде жанармай жоқ. Мәселен, кеңестік тәжірибені еске алған "ҚазМұнайГаз" жанармайды талонмен босата бастады. Еркін саудада тек беделі жоқ АИ-80 ғана бар. Бірақ қалада дизельдік отын ең арзан - литріне 68 теңге болса да, ол да талонмен таратылуда.

"Қазір жүргізушілер айналадағы барлық жанармай тарату бекеттерін айнала іздеуге мәжбүр, дизельдік отын бағасы 71 - 97 теңге аралығында. Бағаның тақтасын жапсырып тастаған, ол оның орнына "Дизельдік отын жоқ" деген хабарлама тұр. Мұндай жағдай жылыны екі мәрте, тұқым себу науқаны мен түсім жинау науқанының қарсаңында қайталанады. Бағаның күрт көтерілуі - жасанды оқиға", -деді "КамАЗ" қожайыны Дмитрий Винокуров.

Ал ҚР Статистика жөніндегі агенттігініндегілер сәуірде республика көлемінде баға көтерілді деп мәлімдеуде. Дизельдік отын 6,5%-ға, жанармай - 3%-ға қымбаттады. Ең алда келе жатқан - Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкентте дизельдік отынды 150 теңгеден сатуда. Алматы облысы мен Алматы да одан қалысқан жоқ. Ең қымбат жанармай Павлодар, Алматы облысы мен Астанада.

Газеттің жазуынша, бұл жайтты бірнеше себеппен түсіндіруге болады. Біріншіден, ішкі жанар-жағармай нарығында жоғары октанды жанар-жағармай ұдайы тапшы. Екіншіден, жағдайдың ушығуына мамырда шикі мұнайды шығаруға кедендік баж салығының енгізілуі себеп болды. Үшіншіден, үкіметтің ресми жорамалына сәйкес, жанар-жағармай бағасы әлемдік жалпы ағымға сай үздіксіз өсіп келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны