24.07.2014, 21:45 4330

Астанада жылу энергиясының өндірісі 17,8%-ға өсті

2013 жылғы 1 жартыжылдық деңгейімен салыстырғанда жылу энергиясының өндірісі 17,8%-ға өсті, - деп Астана қаласы статистика департаменті хабарлады.

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan today. 2013 жылғы 1 жартыжылдық деңгейімен салыстырғанда жылу энергиясының өндірісі 17,8%-ға өсті, - деп Астана қаласы статистика департаменті хабарлады.

"Өткен жылғы 1 жартыжылдық деңгейімен салыстырғанда жылу энергиясының өндірісі 17,8%-ға өсті, электр энергиясы 5,1%-ға төмендеді", - делінген хабарламада.

Электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және ауа баптау ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2013 жылғы қаңтар-маусымға 113,8%-ды құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда 2013 жылғы қаңтар-маусымға 84,9%-ды құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны