09.06.2008, 13:43 3115

Астанада жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнның бағасы 10%-ға арзандады

Астанада жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнның бағасы 10%-ға арзандады

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнның бағасы 10%-ға арзандады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында Астана әкімінің орынбасары Тимур Жақсылықов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қаладағы ұн өнеркәсібі саласындағы монополист болып табылатын "Цесна Астық" компаниясымен келісімге келдік, соған сәйкес, 1 маусымнан бастап жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнның бағасы 10%-ға арзандады", -деді Т. Жақсылықов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың мамыр айында 2007 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда тұтыным бағаларының индексі 105,8% құрады. "Ең көп қымбаттағаны ет және ет өнімдері - 3,9%, нан өнімдері - 2,8%, сондай-ақ, жеміс-көкөніс өнімдерінің кейбір санаттары - 1,9%", - деді орынбасар.

Осы орайда ол "азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін барлық қажетті шаралар қолданылып жатыр",- деді. "Үшінші тоқсанда жылдық қуаты 2,8 мың тонна өнім шығаратын ет өңдеу комбинатын іске қосуды және жеміс-көкөніс өнімдерін ұлғайтуды көздеп отырмыз", -деді Т. Жақсылықов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны