01.09.2015, 17:16 4566

Астанада ЖЖМ-ға деген баға теӊге бағамы өзгерген жағдайда да сақталады - әкімдік

Астанада жанар-жағармай материалдарыныӊ бағасы теӊге бағамы қанша өзгерсе де сақталып қалады, деді ОКҚ-да Астана әкімініӊ орынбасары Андрей Лукин

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада жанар-жағармай материалдарыныӊ бағасы теӊге бағамы қанша өзгерсе де сақталып қалады, деді ОКҚ-да Астана әкімініӊ орынбасары Андрей Лукин, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жанар-жағармай материалдарына деген бөлшек баға барлық автобекет станцияларында бекітілген тәртіп бойынша сақталған. Бағаныӊ көтерілуіне ешқандай факт болған емес. Қазақстанныӊ энергетика министрініӊ "Мемлекеттік бағаны реттеу тәртібі қойылған бөлшек тауарларға шекті бағаны қою туралы" бұйрығы бойынша осы жылдыӊ 19 мамырында Аи-80 - 89 тенге, Аи-92, 93 - 108 жанармайға және 99 теӊге дизжанармай бағалары бекітілді. ЖЖМ-ға деген баға теӊге бағамыныӊ өзгеруіне қарамастан сақталады", - деді А.Лукин, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны