19.06.2008, 14:41 1484

Астанадағы аяқталмай қалған нысандардың құрылысын салып бітіруге үкімет 17 млрд теңге бөледі - Шүкеев

Астанадағы аяқталмай қалған нысандардың құрылысын салып бітіруге үкімет 17 млрд теңге бөледі - Шүкеев

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанадағы аяқталмай қалған нысандардың құрылысын салып бітіруге үкімет 17 млрд теңге бөледі. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Қазақстан вице-премьері Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекет басшысының қаытсуымен өткен кеңесте шешім қабылданды. Біз енді проблемалы құрылыс нысандарын қайта құрылымдаймыз", -деді вице-премьер.

"Астанада мұндай 23 нысан бар, бұл нысандарға 5 мыңға жуық үлескер қаржы салған", - деді ол.

"23 нысанның бесеуін жеке меншік инвесторлар өз мойындарына жүктеп алып, құрылысты өз бетімен аяқтайды, ал қалған 18 нысанның үлескерлері 10 үйге көшіріледі. Сөйтіп, әзірге 8 нысан аяқталмай қалады да, 10 үй бюджет қаржысы есебінен салынады. Оған 17 млрд теңге қажет", - деді Ө. Шүкеев.

"Мемлекет басшысы осындай саяси тапсырма берді, 5 мың үлескерді құтқару үшін біз осыған баруымыз керек", -деді вице-премьер.

Ол сонымен бірге "берілген ақша- тарту емес екенін, оны қайтару керек екенін" атап өтті. "Икімдік арнайы мемлекеттік компания құрады, ол бөлінген ақшаның қамтамасыздығына деп қиындықта қалған құрылыс компанияларының барлық мүлкін тәркілеп, әріқарай оларды қайтарумен айналысады", - деді ол.

Вице-премьердің айтуынша, аталған механизм Алматыдағы үлескерлердің проблемасын шешу үшін де қолданылады, онда 9 проблемалы нысан бар. "Бірақ онда үйлердің басым бөлігі жергілікті бюджеттің есебінен салынып бітеді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны