29.08.2016, 14:52 4107

Астанадағы халықаралық әуежайдағы жаӊа терминалдыӊ құрылысы кестеге сай жүргізілуде

Қазіргі Астана әуежайыныӊ өткізу қабілеті жылына 3 млн. жолаушыны құрайды. Астана жаӊа әуежайы жылына 7,6 млн. жолаушыға қызмет көрсете алады.

Астана.29 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Асқар Мамин Астанадағы халықаралық әуежайдағы жаӊа терминал және жаӊа темір жол вокзалыныӊ құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта терминал ғимаратыныӊ қабырғалары көтеріліп, қасбеті жасалуда. Еден, төбе, бөлме аралықтарыныӊ құрылыс-монтаж жұмыстары мен ішкі инженерлік коммуникацияларды өткізу жұмыстары жүргізілуде. Иуе кемелері тұрақтауына арналған жаӊа перрон салынуда.

Құрылыс алаӊында "Астана халықаралық әуежайы" АҚ және бас мердігерлік мекеме өкілдерімен талқылау барысында жұмыс барысы белгіленген кестеге сай жүргізіліп отырғандығы атап өтілді.

Жаӊа жолаушылар терминалыныӊ жалпы көлемі 47 мыӊ шаршы метр.

Жаӊа терминал заманауи жабдықтармен жабдықталады. Сервистік қызмет түрлерініӊ сапасыныӊ жақсарып, әуе тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі Астана әуежайыныӊ өткізу қабілеті жылына 3 млн. жолаушыны құрайды. Астана жаӊа әуежайы жылына 7,6 млн. жолаушыға қызмет көрсете алады.

Жоспар бойынша қайта жаӊарту жұмыстары 2017 жылдыӊ бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

А. Мамин жұмыс барысында кеӊес өткізген екінші нысан- елорданыӊ жаӊа вокзалы орнында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Компания басшысына бүгінгі таӊда вокзалда монолитті темір бетон қаусырмасыныӊ құрылысы аяқталғандығы баяндалды. Оған 150,0 мыӊ. м? бетон жұмсалды. 30 мыӊ тонна металл қаусырмасы құрастырылды. Қасбеттегі шыны аспалы жүйесі құрастырылуда. Вокзалға кіретін теміржол эстакадасыныӊ құрылысы аяқталып келеді. Бөлмеаралық металл қаусырмаларыныӊ 25 мыӊ тоннасы құрастырылды.

Жаӊа вокзал арқылы тәулігіне 12 мыӊ жолаушы өтетін болса, маусымдық кезеӊде 35 мыӊ жолаушы өтетін болады. Қазіргі қолданыстағы вокзалдыӊ тәуліктік жолаушыларды өткізу мүмкіндігі 7,1 мыӊ адамды құрайды.

Ғимаратты 2017 жылдыӊ сәуірінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны