31.08.2016, 17:23 7226

Астанадағы "Қазақстанныӊ үздік тауары" көрмесіне 30 кәсіпорын қатысты

Көрме отандық өнімніӊ сапасын арттыруға бағытталған қызметті жандандыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесуге бағытталған.

Астана.31 тамыз. Kazakhstan Today - Астанада жыл сайынғы "Қазақстанныӊ үздік тауары" өӊірлік көрме-конкурсы өтті. Шараныӊ ашылуына Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Малика Бектұрова және өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ басшысы Ғани Тасмағанбетов қатысты, деп хабарлады қала әкімдігініӊ ресми сайты.

Көрме отандық өнімніӊ сапасын арттыруға бағытталған қызметті жандандыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесуге бағытталған.

Көрме-конкурсқа түрлі саладағы елордалық өндіруші кәсіпкерлер қатысты. Конкурс үш номинация бойынша өтті: "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар"; "Халық тұтынатын үздік тауарлар"; "Үздік азық-түлік тауарлары".

"Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" санатында шыныдан бұйымдар жасайтын "Елордалық шыны компаниясы" ЖШС үздік атанды. Сүт өнімдерін шығаратын "Банур-НС" ЖШС "Үздік азық-түлік тауарлары" санатында көш бастады. "Халық тұтынатын үздік тауарлар" санатында жарық диодты өнімдер жасайтын "Led solution" ЖШС топ жарды.

Өӊірлік конкурс жеӊімпаздары жыл соӊында өтетін "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық байқауына жолдама алды.

Айта кетейік, шағын және орта бизнес елорданы дамытуда алдыӊғы қатарда, бұған негізгі көрсеткіштер дәлел болады. 2015 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі 3 215,8 млрд теӊгені құрады. ШОБ саласында 288 мыӊ адам жұмыс істейді. ЖӨӨ құрылымындағы ШОБ үлесі 60% жуық және республика бойынша өӊірлер арасында көш бастап тұр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны