03.09.2009, 14:07 2906

Астанадағы судан қорғайтын бөгет көктемге қарай тасқынға тосқауыл жасауға дайын болмақ - Шүкеев

Астанадағы судан қорғайтын бөгет көктемге қарай тасқынға тосқауыл жасауға дайын болмақ - Шүкеев

Астана. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанадағы судан қорғайтын бөгет көктемге қарай тасқынға тосқауыл жасауға дайын болмақ. Бұл туралы бүгін үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев салынып жатқан нысанда болғаннан кейін мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары бөнетті салып бітіру 2011 жылға межеленгенін еске салды.

Астананы тасқыннан қорғауға бағытталған бөгеттің құны 13 млрд теңгені құрайды, деді орынбасар.

"Биыл 900 млн жуық теңге бөлінеді, соның есебінен біз бірнеше айда арық тарту жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын боламыз", - деді Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошун.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, қорғаныс бөгеттің ұзындығы 31,1 шақырым, биіктігі - 10 метр, реттеу сыйымдылығы - 450 млн текше метрге тең. Бас гидроқұрылғының өткізгіштік қабілеті секундына 450 текше метрді құрайды. Нысан құрылысына 405 адам мен 284 арнаулы техника жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны