03.11.2011, 14:19 3371

Астанадағы зауытта алдағы үш жыл ішінде 420 Тальго вагонын шығару жоспарланған

"Біз еліміздің ірі қалалары жоғары жылдамдықты поездармен қамту үшін алдағы 3 жылда 420 вагон шығаруды жоспарлап отырмыз",- деді Е. Қизатов.

Астана. 3-қараша. Kazakhstan Today - Астанадағы зауытта алдағы үш жыл ішінде 420 Тальго вагонын шығару жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның вице-президенті Ермек Қизатов мәлім етті.

"Біз еліміздің ірі қалалары жоғары жылдамдықты поездармен қамту үшін алдағы 3 жылда 420 вагон шығаруды жоспарлап отырмыз",- деді Е. Қизатов.

Естеріңізге сала кетсек, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай "Тальго" жолаушылар вагонын шығаратын зауыт іске қосылмақ. "Қазақстан темір жолы" компаниясының күшімен жолаушылар тасымалдауға негізделген испандық "Тальго" компаниясымен бірлескен зауыт құрылуда. Бұл зауыттың жұмыстары бүгінде аяқталып келе жатыр. Еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай желтоқсанда осы жолаушылар вагоны зауытын іске қоспақпыз",-деді Е. Қизатов.

Аталмыш жаңа зауыт елорда маңындағы "Локомотив құрастыру зауыты" кәсіпорынының жанында орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны