23.04.2009, 18:37 3364

"Астанаэнергосервис" компаниясы сатып алу құқығынсыз сенімді басқаруға беріледі - Тасмағамбетов

"Астанаэнергосервис" компаниясы сатып алу құқығынсыз сенімді басқаруға беріледі - Тасмағамбетов

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Астанаэнергосервис" компаниясы сатып алу құқығынсыз сенімді басқаруға беріледі. Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Елорданың даму мәселесіне арналған кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Икімнің айтуынша, әкімдік бұл ұсынысты ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен және Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен келіскен. "Байқау құжаттамаларының топтамасы дайындалды, ағымдағы жылдың 15 сәуірінде сенімді бсқарушыны іріктеуге байқау жарияланды, 18 мамырда байқау жеңімпазымен шарт жасасуды жоспарлап отырмыз", - деді И. Тасмағамбетов.

Икімдіктің ақпаратына сәйкес, жаңа 3-ші ЖЭО қуаттылығы 860 Гкал/сағ және 240 МВт болмақ. Жалпы құны 147,45 млрд теңге болатын жаңа ЖЭО-ын екі кезеңмен салу жоспарлануда: бірінші кезегі 2013 жылға дейін, екінші кезегі 2015 жылға дейін пайдалануға беріледі.

И. Тасмағамбетовтың хабарлауынша, қазір Астанада республикалық трансферттердің есебінен 14 млрд теңгеге 1-ші және 2-ші ЖЭО-ын жаңалау жұмыстары одан әрі жалғасуда.

"Қазір барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Биыл жылу магистралін тарту аяқталып, "Жаңа жол" атты жаңа подстанция пайдалануға беріліп, қазіргі бар екі 110/10 кВ-тық подстанция жаңартылады", - деді әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны