09.09.2016, 18:32 4706

Астанаға ғарыш аппараттарыныӊ құрастыру-сынау кешенініӊ алғашқы қондырғысы жеткізілді

Бүгін Астанаға Бордо қаласынан арнайы авиарейспен салынып жатқан ғарыш аппараттарыныӊ құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚСК) үшін Еуропадан технологиялық жабдық жеткізілді, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Астанаға Бордо қаласынан арнайы авиарейспен салынып жатқан ғарыш аппараттарыныӊ құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚСК) үшін Еуропадан технологиялық жабдық жеткізілді, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.

ҒА ҚСК сынау учаскелерініӊ жабдығын жеткізу 2016 жылдыӊ қыркүйек-қазан аралығында жүргізіледі. Барлық жұмыстар стратегиялық әріптес - Airbus Defence&Space француз компаниясымен жасасқан келісімшарт негізінде жүргізіледі.

Сыналатын техниканыӊ ерекшелігі мен сезгіштігін ескере отырып, жабдықты жеткізу екі кезеӊге бөлінді. ҒА ҚСК арналған жабдықтыӊ бірінші бөлігі Астанаға АН-124 "Руслан", "Боинг747" үш жүк тасымалдаушы ұшақпен келеді. Бұл электромагнитті үйлесімділік камерасына, жаӊғыртқыш акустикалық камераға, діріл жүйесіне, массалар қасиеттерін өлшеу жүйесіне, жерүсті қосалқы механикалық жабдыққа арналған жиынтықтауыштар.

Бүгін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ мен Airbus Defence&Space мамандары кедендік рәсімдер жүргізілгеннен кейін ҚСК арналған технологиялық жабдықпен бірінші ұшақты қабылдады. Апта ішінде тағы екі борттыӊ келуі күтіледі.

Жеткізудіӊ екінші бөлігі - бұл қарамы үлкен жабдық. Термовакуумды акустикалық камераныӊ (ТВАК) тасымалы басталғаны туралы біз бұрын айтқанбыз. ТВАК Астанаға теӊіз, өзен арқылы және автокөлікпен осы жылғы қыркүйектіӊ соӊында - қазан басында жеткізіледі.

"Қазіргі уақытта қымбат жүкті ұшақтан тікелей көлік құралдарына түсірумен "Астана халықаралық әуежайы" АҚ терминалы өӊдеу жөніндегі техникалық мәселелер пысықталды", - деп хабарлады "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ президенті Марат Нұрғожин. "Бұл Орта Азия мен ТМД аумағында ғарыш саласыныӊ негізгі нысанын Қазақстанда құрудыӊ аса маӊызды кезеӊі", - деп атап өтті ол.

Айта кетерлігі, ҒА ҚСК жобасын іске асыру және оны одан әрі пайдалану үшін 2010 жылы "Ғалам" ЖШС қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны құрылған. Оныӊ 72,0% акциясы "ҚҒС" ҰК" АҚ, 0,5% - ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тиесілі. Француз тарапынан Airbus Defence&Space компаниясы құрылтайшы болып табылады, ол кәсіпорын акцияларыныӊ 27,5 % ие.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны