02.09.2016, 15:15 4552

Астанаға газ тарту жобасыныӊ техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары қайта басталады

"Сарыарқа" газ құбыры магистралін салу жобасыныӊ (Астананы "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральді газ құбырынан: "Қараөзек" (Қызылорда) компрессорлық стансасы-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астанамаршруты бойынша) техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеу (мемлекеттік талдаумен қоса алғанда) жұмыстары қайта басталады.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ Энергетика министрлігінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтіӊ тапсырмасы бойынша Қазақстанныӊ газ өнеркәсібін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобыныӊ отырысы өтті, деп хабарлады ведомствоныӊ баспасөз қызметінен.

Жиналыста газ саласындағы барлық маӊызды және жекелеген мәселелер бойынша тиісінше нақты шешімдер қабылданды. Тауарлық газға баға белгілеу тетігін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізілетін болады.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "ҚазТрансГаз" АҚ табиғи газды сату бағасын доллар валютасынан ұлттық валютаға ауыстыру жөнінде "Теӊізшевройл" ЖШС-мен келіссөздерді жалғастырады.

"Сарыарқа" газ құбыры магистралін салу жобасыныӊ (Астананы "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральді газ құбырынан: "Қараөзек" (Қызылорда) компрессорлық стансасы-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астанамаршруты бойынша) техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеу (мемлекеттік талдаумен қоса алғанда) жұмыстары қайта басталады.

"ҚазТрансГаз" АҚ және "General Electric" компаниялары облыс әкімдіктерімен бірлесіп, елді мекендерді газдандыру үшін ілеспе табиғи газдыӊ жаӊа технологиясын пайдалану мүмкіндіктерініӊ кешенді жоспарын әзірлеуді бастайды.

Сонымен қатар облыстардыӊ және Алматы қаласыныӊ әкімдіктері және "ҚазТрансГаз" АҚ 2040 жылға дейін газды пайдаланудыӊ нақтыланған болжамын құрады. Ал ҚР мұнай өндіруші компаниялары 2040 жылға дейін бөліп көрсетілген газдыӊ болжамды теӊгерімін есептеп жатыр.

Мұнай өндіруші компаниялардыӊ және жергілікті атқарушы органдардыӊ табиғи газды пайдалану жөніндегі деректері негізінде Энергетика министрлігі 2040 жылға дейінгі газдыӊ ұзақ мерзімді болжамды теӊгерімін әзірлейді.

"ҚазТрансГаз" АҚ Қарағанды облысыныӊ әкімдігімен бірлесіп, Қарағанды көмір алабыныӊ көмір қабаттарынан метан өндіру жобасын іске асыруды жалғастырады.

ҚР Энергетика министрлігі "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "ҚазТрансГаз" АҚ-пен бірлесіп, ҚХР-ға Ресейдіӊ газын тасымалдау және ҚХР-ға Қазақстан газын экспорттау мәселелерін пысықтау жұмыстарын жалғастырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны