03.10.2012, 14:56 3670

Астанаға Канаданың асыл тұқымды сиырлары жеткізілді

Мәліметте көрсетілгендей, жоғары өнім беретін канадалық селекцияның ірі қара малы Ақмола облысы, Аршалы ауданы, "Аршалы-Агро Өнімдері" ЖШС үшін сатып алынды.

Астана. 3-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін түнде канадалық асыл тұқымды етті мал партиясы Астана әуежайына жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәліметте көрсетілгендей, жоғары өнім беретін канадалық селекцияның ірі қара малы Ақмола облысы, Аршалы ауданы, "Аршалы-Агро Өнімдері" ЖШС үшін сатып алынды.

"Канададан ұшақпен герефорд тұқымды 250 мал басы жеткізілді. Бұл сатылып алынған ірі қара малдардың тек бірінші бөлігі ғана. Олардың жалпы саны 450-ді құрайды", - делінген ақпаратта.

"Аршалы-Агро Өнімдері" ЖШС төрағасының айтуынша, қараша айында ангус тұқымды 170 ірі қара малдан тұратын табынның екінші бөлігі жеткізіледі. Осы малдардан алынатын төлдерді аукцион, сондай-ақ ауданда ұйымдастырылатын мал базары арқылы өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, отандық лизингтік компания жайылым жерлерді сумен қамту үшін қажетті құрал-жабдық пен балама қуат көзін алуға қаржы бөлді. Жобаның жалпы құны 392,5 млн теңгені құрады.

Еске сала кетсек, жоғары өнім беретін асыл тұқымды етті малды жеткізуді ірі қара мал еті экспортының потенциалын дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде "ҚазАгро" ұлттық холдингі қаржыландырады. Республикада мал етінің өнімділігін асыл тұқымды база санын көбейту мен мал тұқымын өзгерту арқылы арттыру жоспарланып отыр.

2011 жылы "ҚазАгроның" қаржылай көмегімен республикаға 9855 асыл тұқымды мал басы жеткізілді. Ағымдағы жылы ұлттық холдинг шамамен 11 мың мал басын жеткізуді қаржыландыруды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны