17.12.2018, 14:15 5328

Астанаға көмірдіӊ 555 тоннасы жеткізілді

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасында белгілі болғандай, 12 желтоқсандағы жалпы көмір қоры 11 143,82 тоннаны құрайды.

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанаға көмірдіӊ 555 тоннасы жеткізілді.

Қаладағы көмірдіӊ жалпы қоры 11 мыӊ тоннаны құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігініӊ ресми сайты.

Астанаға жеткізілген 555 тонна көмірдіӊ 345 тоннасы - "Шұбаркөл", 210 тоннасы - "Қаражыра" маркалы көмір.

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасында белгілі болғандай, 12 желтоқсандағы жалпы көмір қоры 11 143,82 тоннаны құрайды.

Қазіргі таӊда нарықтағы көмірге қатысты жағдай тұрақты.

Астанадағы көмірдіӊ бағасы төменде көрсетілген: "Шұбаркөл" тоннасы - 11 400 теӊге, "Қаражыра" тоннасы - 13 200 теӊге, "Майкөбе" тоннасы - 12 500 теӊге, "Богатырь көмір" тоннасы - 9000 теӊге, "Кузнецкий" тоннасы - 12 250 теӊге.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы сатушылармен бағаны көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойған болатын.

Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмірге қатысты жағдайға мониторинг жүргізіп, оны үнемі бақылауында ұстап отыр. "iKomek" қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығыныӊ базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны