15.05.2012, 10:05 3482

Астананың ауыл шаруашылығы жерлері 2014 жылы түгенделеді

"Астана қаласы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жүргізу 2014 жылға белгіленген. Дегенмен бұл тақырып Астана қаласы үшін барынша өзекті емес. Бірақ та бұл бағытта белгілі бір жұмыс көлемі бар және олар 18 мың гектар алқапта жүргізіледі", - деді ол.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - Елорданың ауыл шаруашылығына арналған жерлерін түгендеу жұмыстары 2014 жылы жүргізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы кеше "Жер ресурстарын тиімді басқарудың негізі мәселелері" тақырыбында өткен семинар-кеңес барысында ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров мәлім етті.

"Астана қаласы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жүргізу 2014 жылға белгіленген. Дегенмен бұл тақырып Астана қаласы үшін барынша өзекті емес. Бірақ та бұл бағытта белгілі бір жұмыс көлемі бар және олар 18 мың гектар алқапта жүргізіледі", - деді ол.

Оның атап өтуінше, түгендеу жүргізудің мақсаты алқаптардың іс жүзіндегі көлеміне сәйкестігін нақтылау, олардың жай-күйін зерделеу және жерді тиімді пайдалану бағытында ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

"Түгендеудің қорытынды құжаты пайдаланылмайтын немесе заң бұзылушылықпен пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алуға бағытталған сот процесіне негіз бола алады", - деді Қ.Отаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны