10.01.2013, 09:52 2978

Астананың Азық-түлік белдеуі шеңберінде биылғы жылғы бірінші тоқсанда 1000 бас ірі қараға арналған бордақылау кешені іске қосылады

"Ақмола облысында 1000 бас ірі қара малға арналған бордақылау кешені салынуда. Етке арналған мал шаруашылығын "ҚазАгро" ұлттық холдингі Астананың Азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде қаржыландырған. Холдинг мамандарының айтуынша, бордақылау алаңшасын үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Астана. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Ақмола облысында Астананың Азық-түлік белдеуі шеңберінде 1000 бас ірі қара малға арналған бордақылау кешені салынуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оны үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлады "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметінен.

"Ақмола облысында 1000 бас ірі қара малға арналған бордақылау кешені салынуда. Етке арналған мал шаруашылығын "ҚазАгро" ұлттық холдингі Астананың Азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде қаржыландырған. Холдинг мамандарының айтуынша, бордақылау алаңшасын үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Айналымды есепке алғандағы қуатын 2500 басқа дейін жеткізу жоспарланған жаңа кешен холдингтің қаржылық құралдары көмегімен жүзеге асырылған Астана Азық-түлік белдеуінің 61-ші өндірістік нысаны болып отыр.

Жалпы бүгінгі күні осы 61 жобаның жалпы құны 28 млрд теңге болатын 56-сы пайдалануға беріліп, жұмыс істеп тұр. 5 жобаның жоспарлық іске қосылу мерзімі 2013 жылдың 4 тоқсаны деп белгіленген.

Өз кезегінде, Астананың Азық-түлік белдеуі бойынша холдниг қаржыландырған барлық жобалардың жалпы құны 33,8 млрд теңгені құрайды.

Ұлттық холдингтің мәліметтеріне сүйенсек, елордалық Азық-түлік белдеуіне Ақмола облысының 17 ауданы мен Қарағанды облысының 4 ауданы кіреді, олардың аумағында АӨК 70 астам кәсіпорындары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу жұмыстарын жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны